Сынып сағаты Накенова Г » Алғазы орта мектебі
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Алғазы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сынып сағаты Накенова Г
08
апрель
2024

Сынып сағаты Накенова Г

Мектеп 

Алғазы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы:

Адал еңбекті құрметтеу

Педагогтің аты-жөні:

Накенова Г.Е

Күні:08.04.24

Сыныбы:3

Қатысушылар саны:   5                Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатынды-ғын түсіндіру. Оқушыларға адал еңбек жөнінде айта отырып,оның маңызын тү-сіндіріп, адал еңбек етуге баулу. Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Ұйымдастыру кезеңі     

Психологиялық ахуал

 Бір түрлі фигур алғандарды 

1-топқа «Достар», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «Құрдастар» тобына бөлемін. 

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал


Оқушылар

дың пікірі тыңдалады

слайд

Жаңа сабаққа кіріспе



«Миға шабуыл» әдісі

-«Адал» сөзін қалай түсінесіңдер?

 -«Адал» кім?(не?) болуы мүмкін?

-Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

 -Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз?

 -Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар

Оқушылар дың пікірі тыңдалады


Сабақтың ортасы

26 мин.

Бейне ролик «Адалдықтың өтемі» ертегісін көрсету. —Бұл қандай мамандық? (жұмбақ шешу) Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті адам. /милиционер/ Бал тамған мәзір, Ол бар жерде әзір. /аспазшы/ Оқу-білім бағдары, Заманының бағбаны. /мұғалім/ Өскен шашты жаратпайды, Қайшысы бар жалақтайтын /шаштараз/ Келіп баған қасына, Өрмеледі басына. /монтер/ Еңбек орны-танабы, Сүйікті ән- дала әні. Егін салып, мәпелеп, Асырайды қаланы. /дихан/ Өңкей сығай екі топта Таласып жүр бір допқа. Бұл кім ? /футболшы/ Күміс қанат сұңқары, Көкке еркін сүңгиді. Бұлттан да тым әрі Кеткен жанды кім дейді? /ұшқыш

— Бұл сөздерді кім айтқан? 1. Талап, еңбек, терең ой Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс көнсеңіз. (Абай) Елге сіңірген еңбек жақсы, Еңбекті елеген ел жақсы. (Спандияр Көбеев) Адамды адам еткен – еңбек. (Фрейдрих Энгельс) · Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы секілді тез суалар. (Абай) Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ. Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. (М.Әуезов


1-топ: Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айт. 2-топ: «Адал еңбек» сөзжұмбақ құрастыру

Мақалдарды жалғастыр: 1.Еңбек түбі — ……. . (зейнет) 2.Жақсы жұмыс — …….. ……… . (жанға тыныс) 3.Еңбек мұратқа ………. . (жеткізер) 4.Жалқаулық аздырады, ………. ………. . (еңбек оздырады) 5.Еңбек етсең ерінбей, ……… ……… ………… . (Тояды қарның тіленбей) 6.Еңбек ердің – көркі, ……. …….. ……. . (Ер елдің көркі) 7.Еңбексіз өмір — ……. ……. . (сөнген көмір) Еңбектін көзін тапқан, ……… …….. ………. . (Байлықтың өзін табады) Еңбек мұратқа жеткізер, …….. …….. …….. . (Жалқаулық абыройды кеткізер) 10.Еңбегің қатты болса, ….. …… …… . (татқаның тәтті болар)


«Жалғастыр» «Не істеуге болмайды?». - Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.) - Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.) - Құстарды...........................(атуға болмайды.) - Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.) - Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.) - Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.) «Не істеу керек?» - Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.) - Үлкеннің тілін...................(алу керек..) - Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.) - Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Адамды адам еткен – еңбек» — деп Фрейдрих Энгельс айтқандай, адамның адам болып қалыптасуында еңбек шешу-ші роль атқарғандығын, адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене бергенін,сөйтіп талмай, қажымай еңбек етудің арқасында адамзат қоғамы жан-жақты дамып,жетіліп осынау жоғары өркениетке жетіп отыр-ғандығын бүгінгі шарада айтып жеткіздік.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив