Бастауыш сынып апталығы » Алғазы орта мектебі
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Алғазы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сынып апталығы
26
январь
2024

Бастауыш сынып апталығы

2023-2024 оқу жылының 22-26 қаңтар аралығында «Бастауыш – білім негізі» атты бастауыш сынып апталығының өткізілуі  бойынша ақпарат

    Бастауыш сынып апталығына бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды. Апталық кезінде өткізілетін іс-шаралардың жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді.

Мақсаты:

  Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру,

  Шығармашылық қабілетін арттыру,

  Талантты оқушыларды айқындау;

  Жауапкершілікке, ұжымдылыққа тәрбиелеу;

  Адамгершілік пен эстетикалық қатынасқа көңіл бөлу;
 Міндеттері:Оқушылардың ойлау көрсеткіші қызметінің заңдылықтарын ескере отырып, оқушының жеке- даралық қабілеттерін арттыру, нені есте сақтау керек , соған бағыттау;                                                                                                   Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып,өз-өзін ұстау және көпшілік алдында ұстау мәдениетін дағдыландыру;

  Бастауыш сынып апталығы 22 қаңтар күні апталықтың ашылуын өткізуден басталды. Ашылу салтанатынан кейін 1-4 сынып бастауыш сынып оқушылары қатысып,   «Әдебиет -сөз өнері» атты сайыс өтті. Сыныптар бойынша оқу жылдамдығы алынды. Нәтижесінде 1 сынып Ерланұлы Бекасыл, 2 сынып Сансызбай Іляс, 3 сынып Сүлеймен Алина, 4 сынып Тлеубосын Айсұлтан мақтау қағаздарымен марапатталды. 23 қаңтар күні 1- 4 сынып оқушылары «Қазақ тілі қазынам» мақал- мәтелдерден сайыс өткізіліп, жеңіске жеткен топ жеңімпаздары марапатталды.  «Алтын қалам» байқауында сыныптар бойынша таза дәптер, көркем жазулары бойынша 1 сыныпта Шынжырбай Көркем, 2 сынып Қалықберген Жасар, 3 сынып Қазкен Мейіржан, 4 сынып Жиренова Айдана көркем жазулары үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. 24 қаңтар күні 1-4 сынып оқушылары арасында  «Жас дарын »  қалдық заттардан жаңа бұйым жасап, ерекше жасалған бұйымдар жасаған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. 1 сынып Әділхан Бақдәулет,2 сынып Бағидолла Айару, 3 сынып Сүлеймен Алина,4 сынып Кәкімбай Дарын жасаған жұмыстары ерекше болды. 25 қаңтар күні 1-4 сынып оқушылары  «Ғажайып математика» сайысы өтті.  Екі топ тең болды. 2 сынып оқушысы Қалықберген Мансұр «Үздік математик» мақтау қағазымен марапатталды. 1 сынып оқушылары «Қыс көрінісі» сурет байқауы өтті. 26 қаңтар күні «Жұлдызды сағат » сайысы өтті. Апталықты қорытындылау кезінде оқушылар спорттық ойындармен жарысып, ойын барысында жұмбақтар шешіп, мақалдар жалғасын тауып, есептер шығарды.  Бастауыш сынып мұғалімдері   апталық кезінде өткен суретшілер сайысы мен спорттық  сайысы бойынша жеңімпаз оқушыларды марапаттады және апталықты қорытындылады.


<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/video.php?height=316&href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Falgazy.om%2Fvideos%2F938806814267743%2F&show_text=true&width=560&t=0" width="560" height="431" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share" allowFullScreen="true"></iframe>

                           

   

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив