“Алғазы орта мектебі'' коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіндік аттестаттау есебі » Алғазы орта мектебі
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Алғазы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Алғазы орта мектебі'' коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіндік аттестаттау есебі
01
февраль
2023

“Алғазы орта мектебі'' коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіндік аттестаттау есебі

“Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша 

білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің 

                     “Алғазы орта мектебі''

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіндік аттестаттау есебі


I. Білім беруді ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы

Құрылыс жылы: Мектеп 1973 жылы пайдалануға берілген. Жобалық қуаты:  – 320,  Жалпы ауданы:  – 2069, 1 ш.м 

Білім беру ұйымының толық атауы: «Жетісу  облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алғазы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Білім беру ұйымының орналасқан жері: Қазақстан республикасы, Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Қызылбалық ауылдық округі, Қарақұм ауылы, Ы. Алтынсарин көшесі, 4.






Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электронды пошта)

+7 7285922010, ardak.algazy@mail.ru


Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері  Мусаханов Мурат Мусаханович

Ұялы телефон +7 707 495 04 62


Мектеп мынадай нормативтік құжаттар негізінде бастауыш, негізгі және орта жалпы білім береді:

«Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Алматы  облысы бойынша білім беру саласындағы бақылау департаменті» 2021 жылғы 

23 сәуірдегі № KZ83LAA00029650 білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензия. Қазақстан Республикасы»,   және 23,04,2021 ж берілген  № KZ83LAA00029650 лицензияға қосымшасы

        Алматы облысының білім басқармасының 2021 жылғы 23-сәуірдегі   №389-ө бұйрығы,  «Жетісу   облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алғазы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің     Жарғысы 15.09.2022 жыл.

       - 2019 жылғы  15 қаңтардағы № 1065476  тұрақты жер пайдалану құқығына АКТ.


       - 2020 жылғы 20 ақпанда  тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне «Қаратал ауданы, Қызылбалық ауылдық округі, Қарақұм ауылы

        Алғазы орта мектебі» ММ-нің техникалық төлқұжаты (Ф-2).


        Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы 15.09.2022 ж берілген  Жетісу  облысының 

       Әділет департаменті, Текелі қалалық ауданаралық Әділет басқармасымен берілген анықтама, 

       БСН991240003563

       15.02.2016 ж. № 16002867 қоса берілген тізімге сәйкес медициналық қызметпен айналысуға         

       мемлекеттік лицензия.


Мектеп әкімшілігі:

Мектеп директоры: Мусаханов Мурат Мусаханович – педагог – жоғары санатты, тарих пәнінің мұғалімі, қызмет өтілі 38 жыл.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Бегатаева Ардақ Толеубаевна –  педагог – модератор, бастауыш сынып мұғалімі, педагогикалық еңбек өтілі 8 жыл.

 Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Алиманова Айна Абилкасымовна – жоғары санатты химия-биология   пәнінің мұғалімі, жұмыс өтілі 23 жыл. 

05.09.2023 жағдай бойынша мектепте келесі оқушылар оқиды:

Даярлық сыныптарында: 7 


1-10 сынып оқушылары  62

0-10 сынып оқушылары 69

жинақтардың саны  11

1-4 сынып  4 сынып   – 20 оқушы

5- 9 сынып 5 сынып  – 38 оқушы

10   сынып 1 сынып  – 4 оқушы

Сыныптағы орташа саны  6,2  оқушы

Оқыту тілі -  қазақ тілі.

 Мектеп 5 күндік оқу аптасымен  1 ауысымда жұмыс істейді. 

Бүгінгі таңда мектепте 1 заманауи кабинет бар, интерактивті проектормен жабдықталған, 1 кабинет ,  ғимаратта 12 оқу кабинеті бар, спорт залы, кітапханана. 20-компютер, 20- ноутбук, 5-планшет, 3-білімбук, 7-бейне проектор менпроекциялықэкран бар Кітапхана қорында - 6328 дана, оның 5211-і оқулықтармен әдістемеліктер, 915-і әдеби кітаптар, 202-і электронды оқулықтар бар.

Мектептің түйінді мәселесі:

 Білім беру технологияларын тиімді пайдалана отырып,бәсекеге қаблетті,нәтижелі білімге қол жеткізу.

Критериалды бағалауды оқу үрдісіне енгізу

2020-21 оқу жылы/

Педагогикалық іс-шараларын пайдаланудың тиімділігін жүзеге асыру

 2021-2022

«LessonStudy» әдісі арқылы сыныптарды зерттеп, білім сапасын көтеру жолын қарастыру;

2022-2023


МАҚСАТЫ: «Білім беру технологияларын тиімді пайдалана отырып,бәсекеге қаблетті,нәтижелі білімге қол жеткізу.

МІНДЕТТЕРІ:

  1. Оқушылардың өзіндік жеке тұлға болып қалыптасуына, дамуына жағдай жасау;
  2. Оқушылардың білімге деген мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету;
  3.  Оқушыны патриотизмге өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге үйрету
  4. Салауатты өмір салтына қалыптастыру;
  5. Саналы ұрпақ тәрбиелеу
  6. Оқушылардың психологиялық қорғалуын қамтамасыз  ету; 

Осы міндеттерді атқаруда мектеп ұжымы жоспарға сай іс-шалараларды ұйымдастырып өткізді.  Оқу жылы басынан құрылған оқу-тәрбие жоспарына сай МІБ, әдістемелік жұмыс, тәрбие жұмысы, психологиялық-педагогикалық қызмет, мектептің материалдық базасын жаңарту жұмыстары жүйелі жүргізіліп отырылады. 

Оқу жылының басында мұғалімдер мен қызметкерлерді  тарифтеу жүргізілді, негізгі  сабақ, факультатив және үйірме сабақтарының сабақ кестесі жасалды. 

Жалпы білім беру жұмысын ұйымдастыру ұйымдасқан түрде және бекітілген жоспар бойынша жүрді. Тұрақты сабақ кестесі  тиісті талаптарды сақтау арқылы жасалды. Әдістемелік кеңес отырыстарында шешімі білім беру процесінің сапалы көрсеткіштеріне тәуелді тиісті мәселелер қарастырылды. Барлық мұғалім уақтылы курстық қайта даярлықтан өтті.  

Іс қағаздарын жүргізу үшін мектеп директоры бекіткен және аудандық білім бөлімімен келісілген істер номенклатурасы, штаттық кесте, мұғалімдер мен қызметкерлердің жеке іс-қағаздары, еңбек кітапшалары, еңбек келісім-шарттары, мұғалімдер мен қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары, жеке құрам бойынша бұйрық кітаптары бар. 

Жалпы білім беру мәселесі бойынша әліппе дәптері, оқушылардың қозғалысы туралы бұйрықтар кітабы, оқуға кету, келу талондары, есеп карточкалары, сонымен қатар курсты аяқтағаны үшін тіркеу және сертификаттар беру кітаптары ,негізгі орта мектептің, жалпы орта білім беретін мектеп курсын аяқтағаны үшін тіркеуге және куәлік беруге арналған кітап бар. Мектеп әкімшілігі мектеп оқушыларын есепке алуды ұйымдастыру, ықшамаудандағы мектеп оқушыларының біліммен қамтылуы талаптарының сақталуын үнемі бақылауда ұстайды. Оқушылар контингенті бойынша электронды деректер базасы жүргізілуде. Оқуға қабылдау туралы бұйрықтардың уақытылы берілуі қамтамасыз етілген. Барлық  оқушылардың жеке істері мен медициналық картасы бар.

       Білім сапасы көп жағдайда педагогикалық ұжымның сапасымен анықталады. Мектепте кадрлармен жұмыс бойынша барлық нормативтік құжаттардың бар, жеке құрам бойынша бұйрық кітапшалары уақытылы жүргізілетіні, жеке еңбек шарты жасалғаны, мұғалімдердің жеке істері, аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамалары бар. 

Үш оқу жылындағы мектептің білім сапасы 2020 - 2021 – 67.0  %, 2021 - 2022 -66.6  %,   2022 - 2023 1-ші жарты жылдық-68.9    % 

Соңғы үш оқу жылында мектептің педагогикалық ұжымының саны тұрақты (2020-2021 оқу жылы – 22 мұғалім, 2021-2022 оқу жылы – 21 мұғалім, 2022-2023 оқу жылы – 22 мұғалім

Кадрлардың сапалық құрамындағы қол жеткізілген деңгейдің Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қарқынға қаншалықты сәйкес келетінін анықтаудың эталоны жоғары білікті педагогтардың үлес салмағының нысаналы индикаторы болып табылады. Мұғалімдердің жалпы санынан жоғары және бірінші санаттары және педагог- сарапшының  үлесі (36,3%)



Педагогтердың санаттары  бойынша мәлімет 

2020-2021 оқу жылы

Барлығы 

дана

Соның ішінде санаты бойынша

Соның ішінде біліктілігі бойынша

барлығы

жоғары

бірінші

екінші

санаты жоқ

барлығы

педагог-модератор

педагог-сарапшы

педагог-

зерттеуші

педаго -шебер

22

адам

   11

5

    4

2

6

5

4

1



%

50

22,7

18,2

9,1

27,3

22,7

18,2

4,5




2021-2022 оқу жылы

Барлығы 

дана

Соның ішінде санаты бойынша

Соның ішінде біліктілігі бойынша 

барлығы

жоғары

бірінші

екінші

санаты жоқ

барлығы

педагог-модератор

педагог-сарапшы

педагог-

зерттеуші

педагог-шебер

21

адам

9

5

1

3

5

7

5

2



%

42,9

23,8

4,8

14,3

23,8

33,3

23,8

9,5



   2022-2023 оқу жылы

Барлығы 

дана

Соның ішінде санаты бойынша

Соның ішінде біліктілігі бойынша

барлығы

жоғары

бірінші

екінші

санаты жоқ

барлығы

педагог-модератор

педагог-сарапшы

педагог-

зерттеуші

педаго -шебер

22

адам

7

5

1      

1

6

9

7

2



%

32

22,7

4,5

4,5

27

41

32

9



Мектептегі жоғары, бірінші және педагог-сарапшы біліктілігі бар мұғалімдерге біліктілік санаттары берілген  жылы және бұйрық номері.


Аты-жөні

білімі

пәні

санаты

Бұйрық №, берілген жылы

ескертпе

1

Мусаханов М.М. 

жоғары 

Тарих 

 жоғары

№ 358-н

 15.05.2017


Зейнетке 2-жыл қалуы себепті бұрынғы санаты қалдырылды. Мектеп бұйрығы

№89 1.09. 2022 ж.

2

Алиманова А.А. 

жоғары

Химия-биология 

жоғары

№240/н

30.03.2018


3

Мейрамгазин Д.Ж. 

жоғары

АӘД

Жоғары



№240/н

30.03.2018


4

Спанбетова А.Ж.

жоғары 

информатика 

жоғары

№240/н

30.03.2018


5

Амиржанова Д.С.

жоғары

математика 

жоғары

№240/н

30.03.2018


6

Альдебаева С. З.

арнаулы орта 

технология, бейнелеу, сызу

бірінші

№141 15,05,2018ж


7

Оспанбекова Г. Р.

жоғары 

бастауыш сынып 

сарапшы

261,15,12,2018


8

Какимбаева А.А.

жоғары

ағылшын

сарапшы

№170 12.07.2018ж



 Жоғары және бірінші санатты мұғалімдердің үлесі (27,2%)

 Педагог - сарапшы санатты мұғалімдердің үлесі 9 %.  

Педагогтардың еңбек өтілі мен жасына қарай бөлінуін талдау педагог кадрлардың жеткілікті кемелдігі мен тәжірибесін көрсетеді: 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар мұғалімдердің үлесі 33,3%, 16-дан 20 жылға дейін – 9,5%, 11-ден  15 жылға дейін –4,8 %, 5 жылдан 10 жылға дейін – 38%, 3  жылдан 5 жылға дейін – 4,5,    3 жылға дейін – 14,2 мұғалім.  Мектеп мұғалімінің орташа жасы – 42 жас.


                                                                                 Мектеп мұғалімдерінің білім дәрежесі


Барлық мұғалім

Жоғары білім

Аяқталмаған жоғары 

Арнаулы педагогикалық орта білім

басқа

1

22

17

1

4

0

                                                  Мектеп мұғалімдерінің соңғы үш жылда біліктілік курсынан өтуі

 

Мектеп мұғалімдердің біліктілігін арттыру кестесіне сәйкес мұғалімдердің жыл сайын өз біліктіліктерін арттырып отырғанын байқауға болады..

                                      Мектеп оқушыларының соңғы үш жылдағы сыныптар бойынша толымдылығы

2020-2021 оқу жылы


даярлық

1

2

3

4

1-4

5

6

7

8

9

5-9

10

11

10-11

1-11

0-11

сыныптар

1

1

1

1

1

4

1

1

1

1

1

5

0

1

1

10

11

Сынып комплектісі

1

1

1

1

1

4

1

1

1

1

1

5

0

1

1

10

11

Оқушы саны

6

3

9

8

8

28

10

10

8

11

15

54

0

3

3

85

91

2021-2022 оқу жылы


даярлық

1

2

3

4

1-4

5

6

7

8

9

5-9

10

11

10-11

1-9

0-10

сыныптар

1

1

1

1

1

4

1

1

1

1

1

5

0

0

0

9

10

Сынып комплектісі

1

1

1

1

1

4

1

1

1

1

1

5

0

0

0

9

10

Оқушы саны

7

4

4

8

8

24

7

11

8

6

10

42

0

0

0

66

73

2022-2023 оқу жылы


даярлық

1

2

3

4

1-4

5

6

7

8

9

5-9

10

11

10-11

1-10

0-11

сыныптар

1

1

1

1

1

4

1

1

1

1

1

5

1

0

1

10

11

Сынып комплектісі

1

1

1

1

1

4

1

1

1

1

1

5

1

0

1

10

11

Оқушы саны

7

6

4

4

6

20

7

7

10

8

6

38

4

0

4

62

69


                                                                    Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын басқару және  ұйымдастыру

2020-2023 оқу жылдарына арналған жұмыс жоспарларымен  анықталған. Жұмыс жоспарлары  тамыз айындағы педагогикалық кеңестерде талданып, бекітілген.

2020-2023 оқу жылында өзекті мәселесі 

Білім беру технологияларын тиімді пайдалана отырып,бәсекеге қаблетті,нәтижелі білімге қол жеткізу

Мақсаты:

1.Қазіргі қоғамға тән білім беру үрдісін ізгілендіре отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай олардың одан әрі дамуы мен қабілеттерін іске асыруына жағдай жасау,  жеке тұлға қалыптастыру.

2.Оқушыны патриотизмге өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге үйрету.

3.Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға сапалы білім беру үшін жағдайлар жасау.

Міндеттері:

1.ҚР «Білім туралы» заңын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жүзеге асыру,білім беру үрдісін оқу-тәрбие, әдістемелік және ғылыми негізде ұйымдастыру.

2.Пәндер бойынша неғұрлым тиімді әдістерді таңдау арқылы сапалы білімге қол жеткізу.

3.Мектеп оқушыларының бойына адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру,шығармашылық жұмыспен айналысуына жағдай жағдай туғызу,дарынды оқушылармен жұмысты жетілдіру.

4. Кәмелетке толмағандар арасында тәртіп бұзудың және діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын дамыту, ата-анамен бірлесе жұмыс жүргізу, құқық қорғау органдарының қатысуымен профилактикалық кеңес, рейд жұмыстарын жандандыру.

5.Әр оқушының жеке дара ерекшеліктерін шығармашылық мүмкіндігін ашуға жан-жақты жағдай туғызу.

6. Педагог кадрлардың  кәсіби даярлықтан өтуіне жағдай жасау,ізденімпаз ұстаздардың еңбегін ынталандыру, кәсіби құзырлығын дамыту,озат тәжірибелерді тарату, озық ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін сабақ процесінде қолдану.

7. 4,9-сынып оқушыларын оқу жетістіктерін сырттай бақылау,мектеп бітіруші сынып түлектерін Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарын жүйелі жүргізу,пән олимпиадалары мен ғылыми жұмыс жүлдегерін,  дайындау жұмыстарын жетілдіру,нәтижеге қол жеткізу.

8.Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалармен, жағдайы төмен, аз қамтылған отбасы балаларының алаңсыз білім алуына жағдай туғызу,әлеуметтік көмек көрсету.

9. Оқушылармен әр тоқсан сайын жүргізілетін бақылау,тест сынақтары  арқылы білім деңгейін анықтап, тиісті қорытындылар шығару

10.Оқушыларды оқулықпен қамту,мектеп кітапханасының жұмысын жетілдіру,мәдени-көпшілік шараларының ұйымдастырылуына жағдай жасау, заманауи бағытта материалдық – техникалық базаны нығайту.

Осы алға қойған мақсат, міндеттерді басшалыққа ала отырып, нәтижелі жұмыс жасадық.

 2022-2023 оқу жылында 1-4 - сыныптар   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8-қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу жоспарының 1-қосымшасымен, 5-9 сыныптар         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8-қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген    үлгілік оқу жоспарының 6-қосымшасымен , 10-сыныптар    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8-қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген     үлгілік оқу жоспарының 85-қосымшасымен   бекітілген оқу жоспарымен білім алуда


            Дарынды балалармен жұмыс мектеп қызметінің басым бағытына айналды.   Оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық белсенділігін арттыруда сабақтан тыс жұмыстар маңызды рөл атқарады: факультативтер, үйірмелер мен курстар, олимпиадалар мен сайыстар, олардың мақсаты пән бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету, қабілеттерін дамыту, қызығушылықты ояту және өз бетімен жұмыс істеуге деген талғамын арттыру, оқушылардың ынталылығын, шығармашылығын дамыту. Сыныптан тыс жұмыс оқу мотивациясының дамуына ықпал етеді.

Оқушылардың бойында терең де берік білім қалыптастыру мақсатында мұғалімдер олимпиада есептерін шығаратын, шығармашылық қабілеттерін дамытатын, емтихандық есептерді қарастыратын факультатив сабақтарын өткізеді.

Мектепте жыл сайын гуманитарлық және жаратылыстану пәндері бойынша мектепішілік олимпиадалар өткізіліп, оқушылардың білім сапасы тексеріледі. Бұл оқушылар оқу озаты ғана емес, мектеп намысын түрлі деңгейде қорғайды. Жылдан жылға аудандық, облыстық пән олимпиадаларына , түрлі байқаулардың қатысып жүлдегерлер қатарынан көрінеді.

Балалар зияткерлік сайыстармен қатар спорттық және шығармашылық сайыстарға да белсене қатысады.


Үш жылдық тәрбие жұмысының талдауы 2020-2021оқу жылы 

Мақсаты:

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының азаматтары мен патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өзі танытуларына, әлеуметтенуіне , болашақ мамандық  иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай туғызу.


Міндеттері:

1. Тұлғаның жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.

2. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот болып  қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

3.Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.                                                                                                                              .

4.Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың тиімді педагогикалық ынтымақтастық жүйесін қалыптастыру, психологиялық - педагогикалық құзырет тіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету. 

5.Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық  ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту. 

6.Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету. 

      7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпы мәдени мінез-құлық

         дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды

         қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

8.Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.


Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің мақсаты:

       Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысын әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, зерттеушілік тиімділігін шыңдай түсу, педагогтардың кәсіби құзырет тілігін арттыру. Сынып жетекшісінің жоғары адамгершілігі, мәдениеті және балаларға деген құрметі, олардың болашағына қызығушылықпен қарауы, шығармашылық ізденісі, мейірімділігі мен шыдамдылығы – тәрбие жүйесінің негізі болып табылады. «Mәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясын жүзеге асыру сапалы білім берумен қатар саналы тәрбие жұмысын жүргізуді іске асырудың арқасында жүзеге асырылуда. 

Биылғы оқу жылында 1-11 сыныптар аралығында  10 сынып комплектісі  және сынып жетекшілер бірлестігінің құрамында 10 сынып жетекші бекітілген.  Оның ішінде 10 қазақ сыныптары.  Жыл басында  сынып жетекшілердің ӘБ-нің жоспары құрылып,  құндылықтарға негізделген тәрбие тұжырымдамасының 8 бағыты   және 6 басым бағыт бойынша жұмыс атқарылды. Сынып жетекшілердің жылдық жоспары  және жұмыс циклограммасы  оқушылардың жас ерекшелігіне сай құрылып, бекітілді.   Әр аптада   жоспарлы түрде сынып сағаттары өткізіліп тұрды.

2020-2021 оқу жылында «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы оқушылардың бойында жалпы азаматтық, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамытуға, олардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге, экологиялық мәдениетін, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2015 жылдың «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен  бекітілген тәрбие тұжырымдамасының 8 бағыты бойынша  тәрбие жоспары бекітіліп, төмендегі тәрбие циклограммасы бойынша Алғазы орта мектебінде cанитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып тәрбие жұмысы «OF-LINE» форматта ұйымдастырылды.

 Биылғы жылы пандемияның етек алуына байланысты көп сыныптарда  тәрбиелік шаралар, мерекелік іс-шараларды өткізбеуге тура келді.Тек сынып сағаттары,айтулы мерекелік іс-шаралар сынып ішінде жүргізілді. Сынып сағаттарын дайындауда және өткізуде қолданылған тәсілдер:

  •  бейнежазба материалдарын көру, соңынан талқылау, кері байланыс алу; 
  • сауалнама және оның нәтижесін талдау; 
  • өнер туындыларымен танысу, оқушылардың көркем-шығармашылық қызметінің элементтері (сынып сағаты барысында ән айтып, билеген, сурет салған кезде); 
  • танымал тұлғалар айтқан ойларды одан әрі талқылау үшін сілтеме жасау; 
  • «миға шабуыл» («ой-талқы»), шығармашылық топтардағы жұмыс. 

Жоспар бойынша сынып сағаттарына талдау жүргізіліп, жас сынып жетекшілерге әдістемелік көмек көрсетіліп тұрды. Биылғы оқу жылындағы жас сынып жетекшілерге тәлімгерлер тағайындалып, жыл бойы әдістемелік көмек көрсетіліп тұрды. Тоқсан сайын сынып жинақ папкалары тексеріліп, ескертулер жасалынды. Әр сыныпта сынып ережелері жасалынып, сынып белсенділері тағайындалды, олар мектептің қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде тартылып, сынып сағаты сайын өткізілетін мектеп жиынында талқыланды. Тоқсанына бір рет   сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізіліп, өткізілген ашық тәрбие сағаттары мен жауапты іс-шараларының өтілу сапасына  талдау жасалынды, ұсыныстар айтылды.  

2020-2021 оқу жылындағы  тәрбие жұмысы бойынша белсенділік танытып, тәрбиелік деңгейі ең жоғары болған 

сыныптар: 1-4 сыныптар арасында 1  сынып жетекшісі М.М.Имангалиева,  3  сынып жетекшісі С.Г.Кыдырманова,4сынып жетекшісі Р.Г.Оспанбекова, 5 сынып жетекшісі А.Р.Бахтаева,8сынып жетекшісі А.Ж.Спанбетова,9 сынып жетекшісі М.Т.Жетписбаева және т.б. сынып жетекшілер. 

          Алғазы орта мектебінің  тәрбие жұмысының айлық циклограммасы жоспарына сәйкес сынып жетекшілердің бірлестігінде жоспарланған  10 тәрбие сағаттары өткізілді.                          2020-2021 жаңа оқу жылын ұйымдасқан түрде бастау, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, оқушылардың оқуына позитивті ынтасын, оқушылардың оқуға және өз денсаулығына құндылықты қарым-қатынасын қалыптастыру, өзін-өзі ұйымдастыруға дағдыландыру мақсатында 1-11 сынып жетекшілері   Қазақстан Республикасы Конститутциясының 25 жылдығы, Әбу Насыр әл Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» және т.б. ұсынылған тақырыптар бойынша Білім күніне арналған сынып сағаттары өтті. 


          Сынып жетекшілердің тәрбие жұмысына арналған циклограммасына сәйкес тәрбие құндылықтарға негізделген тұжырымдамасының сегіз бағытына сәйкес іс шаралар патриоттық та, мерекелік те, белгілі даталарға қатысты іс-шаралар түгел ұйымдастырылды. 

Жоспарға сай тоқсан сайын ата-аналар жиналыстары өткізіліп, жетім (АҚҚ), көпбалалы, аз қамтылған, сәтсіз, өгей әке-шешесімен тұратын, біреудің үйінде тұратын, толық емес отбасы балаларының үйлеріне рейдтер жасалынып, тұрмыстық жағдайлары тексеріліп, жұмыс жүргізілді. Педагог-психолог үнемі «Ата-ана, өз балаңа үлгі бола біл!» деген тақырыпта жұмыс жүргізіп отырды. 

Тұжырымдар мен  ұсыныстар:

1. Сынып жетекшісінің үйлестіру қызметі тәрбие жұмысын педагогикалық ұжымның басқа мүшелерімен және ең алдымен осы сыныппен   жұмыс жасайтын педагогтармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқарады. 

2. Бақылау және түзету қызметі тәрбие жүйесінің үнемі дамуын қамтамасыз ету, ықпал

            жасау. 

3. Жас сынып жетекшілерге әдістемелік көмек ұйымдастыру.

Үлгілік жақтары. Оқушыларды  оқыту мен тәрбиелеуін ұйымдастырды.

Жақсы жақтары.  Озық педагогикалық     іс-тәжірибе жинақталды.

Жақсартуды талап етуші жақтары. Сынып  жетекшілері өз жұмысында педагогикалық тәжірибені, білім беру мен тәрбиенің тұтастығын, оқыту жүйесінде дәстүрлі көзқарастарды сақтай отырып оқытудың жаңа формалары мен әдістерін енгізуді талап етеді. 

Төмен жақтары.  Сыныпта жұмыс істейтін пән мұғалімдерімен және ата-аналармен тығыз қарым –қатынас жетіспейді.


Барлық сыныптардың тәрбиелік деңгейі жоспарға сай тексеріліп, мониторингі жасалды 







І - бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие


Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.  «Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ»  атты республикалық ақпараттық науқан өтті.  Науқан барысында балаға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау, балаларды қатыгез ұстауға төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында іс-шаралар жоспары жасалынып, сол бағытта жұмыстар жүргізілді.   «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», атты тәрбие  сағаты, 8-10 «Отбасы – кіші мемлекет», «Зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты фото конкурс, сурет көрмесі  ұйымдастырылды. Фото конкурс  пен сурет көрмесі байқауына 8-9 сынып қатысты, 8,9сыныптары  жүлделі орындар мен мақтау қағаздарына ие болды.   оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы жиналыс, «Қоғамдағы, отбасындағы, мектептегі зорлық-зомбылық»   тақырыптарында семинар, «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу», «Ерте жыныстық қатынастың зияны» деген профилактикалық әңгіме   өтіп, қыз балаларға жабық суалнама таратылды. Сауалнама қорытындысы   педагог-психолог Б.С.Какибаева сараптамасында көрсетілді.

         2020-2021 оқу жылының аяғына таман, мамыр айының13 күні Алғазы орта мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.А.Алиманова  және мектеп психологы Б.С.Какибаеваның ұйымдастыруымен және 3  сынып жетекшісі Г.Кыдырманова,  4  сынып жетекшісі Г.Накенованың жетекшілігімен бастауыш сынып оқушыларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру , жаз мезгіліндегі оқушылардың денсаулығы мен өмір - қауіпсіздігін сақтау үшін  кездесу өтті.    Мектеп оқушыларының жазғы демалысын қауіпсіз және көңілді өткізу үшін жаз айындағы ең маңызды деген қауіпсіздік шараларын сақтау, оқушылардың жолда жүру ережесін сақтау, жол ережелерінің белгілеріне мұқият қарау және ең маңызды деген қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін  айтты.

       Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайту, Қазақстан халқын рухани - мәдени топтастыру, сабақтас және озыңқы дамуды қамтамасыз ету мақсатында Н.Назарбаевтың  «Мәңгілік Ел» идеясы, «Туған жер» бағдарламасы және 12.04.2017 жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын басшылыққа ала отырып, көптеген жұмыстар  ұйымдастырылды.

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министірлігі 02.09.2020 жылғы №3-15-6/3214-Н хатына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу туралы хатына сәйкес   2020 жылдың 14-21 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» ұранымен   ұйымдастырылған іс шаралар өткізілді
  • Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу, Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту мақсатында «Үш тұғырлы тіл  - жарқын болашақтың кепілі » атты тілдер мерекесіне арналған іс шаралар 10.09.-30.09.20. аралығында өтті
  • Төтенше жағдай кезінде тәрбие жұмысын «OF-LINE» форматында 1 қазан күні   қарттар күніне арналған іс шаралар ұйымдастырылды. 1-7 сынып жетекшілері және оқушылар қарттар күніне арналған құттықтау видеолары мен слайдтар жасап, жұмыс топтарына жүктеді. Құттықтаулар топтамасы әлеуметтік желілерге жүктеліп, таратылды.
  • Тәрбие тұжырымдамасының  көп мәдениетті және көркем - эстетикалық бағыты мен оқушылардың зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу бағытының жылдық жұмыс жоспарына сәйкестөтенше жағдай кезінде тәрбие жұмысын «OF-LINE» форматта   «Ұстаз – ұлы тұлға!» тақырыбында  ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар өтті.
  • Ұстаздардың құрметіне арналған «Үздік гүл шоғы» байқауы мен видео - құттықтау ұйымдастырылып, барлық сыныптар мерекелік құттықтаулар мен жылы лебіздерін ұстаздар қауымына жолдады. Барлық құттықтаулар әлеуметтік желілерде жарияланып, таратылды. 
  • 07.09-20 – 07.10.20 аралығында жолда жүру ережесі   айлығы өтті
  • 2020 жылдың 20 қазан мен 20 қараша аралығында дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» кең ауқымды ақпараттық науқан өткізу туралы бұйрығына сәйкес Алғазы орта мектебінде  «OF-LINE» форматында ұйымдастырылып өтті.
  • Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жалпы адамзаттық Құндылықтар күнін өткізу аясында 2020 жылдың 23 қарашасында барлық білім беру ұйымдарында білім алушылардың белсенді қатысуымен рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған  ұйымдастырылған іс шаралар өтті.

.  

  • Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасын іске асыру мақсатында жүргізілетін «Туған жерім – рухани жаңғыруымның алтын бесігі» іс шаралар жоспарына сәйкес 23 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «Менің Елбасым – Н.Ә.Назарбаев» тақырыбында апталық өтті.  Апталықтың мақсаты: әр жылдың бірінші желтоқсан күні Тұңғыш Президент күнін атап өту;  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына және мемлекетіне сіңірген орасан зор еңбегін құрметтеу; Елбасымыздың Қазақстан Республикасы   мемлекетінің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи еңбегіне баға беру.
  • 2020 жылдың 9-10 қараша аралығында азаматтық – патриоттық бағытта ұйымдастырылған  «Менің Отаным - Қазақстан» сурет көрмесі,  күзгі каникул кезінде бос уақытын тиімді пайдалану, көркем - эстетика мен шығармашылыққа баулу мақсатында  «Шебер қолдар»  байқауы, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында  «Кітап әлеміне саяхат» тақырыбында  іс шараларға қатысты. Барлық іс шаралар Facebook әлеуметтік желіге жүктелді. 
  • 2020 жылдың 7-16 желтоқсан аралығында « Тәуелсіздік- тұғырым» атты апталық өтті.  Іс шараның мақсаты: егеменді еліміздің ең ұлық , ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күнінің баға жетпес құндылық екенін оқушыларға дәріптеу, оқушыларға азаматтық, елжандылық тәрбие бере отырып, Отанын, туған жерін, ата-бабамыздың ерлігімен келген тәуелсіздігімізді құрметтеуге, қадірлеуге баулу. 
  • Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Алиманованың ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау мақсатында «Ғасырлар арман - Тәуелсіздік» атты  байқау ұйымдастырылды.  байқау ережесіне сәйкес оқушылар тәуелсіздік тақырыбына арналған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, патриоттық әндер айтты, тақырыптық сурет салып, белсенді қатысты. Байқау қорытындысына сәйкес оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
  •               Құндылықтарға негізделген тәрбие тұжырымдамасының көп мәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие, рухани танымдық тәрбие және отбасы тәрбие бағыттары жоспарына сәйкес 2020 жылдың 24-25 желтоқсан күндері республикамыздың барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Ғажайыпқа толы жаңа жыл!» атты балаларды құттықтау мақсатында онлайн форматта ұйымдастырылған жаңа жылдық құттықтау рәсімі өтті.
  • 2020-2021 оқу жылының III тоқсаны интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернет - белсенділігін бақылауға қатысты интернет - қызметтерді ересек пайдаланушылардың жауапкершілігін, интернет - пайдалану мәдениетін арттыру мақсатында балалар мен жасөспірімдерді адамгершілікке тәрбиелеуде зиян келтіретін «Мен ОФФЛАЙН»  республикалық кең ауқымды балалар акциясынан басталды. Жұмыс жоспарына сәйкес   1-11 сынып оқушылар арасында «Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім?» тақырыбында   фото байқауы өтті.
  • «Қазақстан балалары – көктем шақырады  атты каникул жоспары құндылықтарға негізделген тәрбие тұжырымдамасының тәрбие бағыттары бойынша іс шаралар ұйымдастырылды.


  • Құндылықтарға негізделген тәрбие тұжырымдамасының жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтық –құқықтық тәрбие айлығы жоспарына сәйкес  оқушыларға Ұлы Жеңіс жолындағы ерлікті дәріптеу, соғысқа қатысқан батырлар мен ержүрек жауынгерлердің өмірі мен ерлігін дәріптеу, Отан үшін жанын қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңда арамызда жүрген ардагерлеріміздің, тыл еңбеккерлерінің ерліктерін үлгі ете отырып . оқушыларды Отансүйгіштікке, елжандылыққа , батылдыққа , шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында 2021 жылдың 5 мамыр мен 11 мамыр аралығында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңындағы , 7 мамыр – Отан қорағушылар күні мен «Ұлы Жеңіске 76 жыл!» тақырыбында   ұйымдастырылған  іс шаралар өтті.
  •       1-10 сынып оқушылары «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңындағы соғыс кезіндегі өмірді бейнелейтін «Ұлы Отан соғысына 76 жыл», «Ардагерлерге мың тағзым!», «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!» тақырыптарында фото - видео жасап, «Соғыс балалардың көзімен», «Ерлік ұрпаққа мұра» тақырыптарында сурет салынды.
  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 2020-2021 оқу жылының аяқталуына байланысты «Соңғы қоңырау-2021» салтанатты жиын ұйымдастырылды. 


  •     Білім берер ордасы – мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру , өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу, білімнің сара жолын бастауыштан басталынып, бастауыштан алынған білімнің негіз болып қаланатына көз жеткізу, бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстаздарымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздарымен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт сапар тілеп «Бастауышым, бал - бұлағым» атты 4-ші сынып оқушыларының салтанатты іс шарасы   өтті. Төртінші сынып оқушылары алғашқы ұстаздары Г.И.Накеновамен  қоштасып алғысқа толы құттықтау хаттары мен гүл шоқтарын  жолдады. 
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында концептуалды негіздері (ҚР БҒМ 2019 жылғы 15 сәуіріндегі №145 бұйрығы бойынша ) Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұландары» тақырыбында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, түлектер мен ата-аналардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ете отырып салтанатты кеш өтті.


Тұжырымдар мен  ұсыныстар:
 1. Жоғарыда аталған іс-шаралар жылдық тәрбие жоспарына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып  өткізілді. 


          Оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізгі құқық нормаларын тану болып табылады. Барлық тәрбиелеу шаралары  сияқты, құқықтық тәрбиелеу үрдісі де екі бағытта (сабақ барысында, сабақтан тыс) жүзеге асырылды.  Тарих және құқық негіздері пәндерінің  мұғалімі М.М.Мусаханов оқушылар арасында, тарих пәнінің мұғалімі Э.Б.Карабалинова ата-аналарға, ДТІЖО  А.А.Алиманова   мұғалімдерге арналған құқықтық білім беру сабақтарын жоспарға сай  бейнежазба, слайд түрінде өткізіп тұрды. ДТІЖО Алиманова   оқушылармен «Сен өз құқығыңды білесің бе?», «Заң алдында жауапкершілік» тақырыптарында құқықтық әңгімелер өткізіп, тәрбие ісіне өз үлесін қосып отырды, тәртіп бұзған оқушылармен әңгіме жүргізді, сенім жәшігін тексеруге қатысты. Мектеп психологы Какибаева  сынып оқушыларымен бала құқықтары, жауапкершілік баптары, буллинг, кибербуллинг туралы қосымша мәліметтер беріліп, қыз балалардан жасырын анкета алынып, анализ жасалды. 

 Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды.   Оқушыларды азаматтылыққа, Отансүйгіштікке баулып, адамның құқықтарына, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында педагог - ұйымдастырушы Н.Е.Имашева ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ» тақырыбында кітап бұрышы жасалынып,    жоспарлы түрде көптеген іс-шаралар өткізілді:

  • « Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» оқушылар арасында сурет байқауы.
  • «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында ата-аналарға  дәріс .
  • 8-9 сынып оқушылары арасында «Жемқорлыққа жол жоқ » сурет байқауы өтті.  Сурет байқауының мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында   рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, адал ұрпақ буынын тәрбиелеу, сыбайлас –жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті және оған қарсы мәдениетті  қалыптастыру. Байқауға қатысқан оқушылар тақырыптық сурет салып, әлеуметтік желілер арқылы таратып, өз жұмыстарын ұсынды. Оқушылар салған суреттерінде   адал жолмен  жүруге, адалдыққа үйрену, пара алмау, болашақта тек шындықпен өмір сүру керектігін сурет бетіне салып көрсетті. . Пара алғанда, заңсыз іс-әрекеттер жасағанда қандай жағдайға әкеп соқтыратындығы салынған суреттерде көрсетілгенҚорыта келе, 8 -9сыныптар арасында І орын-8 , ІІ орын-9.
  •  «Адамға құқық не үшін керек?» деген жасөспірімдер құқығын қорғау жөнінде әңгіме.
  • «ҚР-ның Бала құқықтары туралы» Заңы, «ҚР-дағы білім алу құқықтары» деген сынып сағаттары, т.б.  
  • «Зиянды заттардан аулақ бол» тақырыбында ұлдармен жұмыс жетекшісінің   жиналысы.

  7-8 сынып оқушылары арасында «Дүние жүзі елдеріндегі және Қазақстандағы экстремистік-террористік ұйымдар» атты  семинар, «Білім жүйесіндегі зайырлылық пен имандылық қағидаттары» тақырыбында профилактикалық әңгіме.

  •  «Имандылық отбасынан бастау алады» деген 8-11 сынып оқушыларына кеңестер .  
  • АӘД пәнінің мұғалімі Д.Мейрамгазин мектеп ұжымы мен оқушылар, ата-аналар арасында терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың өзін-өзі ұстануына арналған әдістемелік нұсқаулықпен   таныстыру.
  •  «Сен және заң?», «Діни экстремизм деген не?»тақырыптарында 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттары.
  •  Ай сайын ауылдық округінің әкімшілігі мен аудандық білім беру бөліміне өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтер беріліп отырды. Дінтану пәнінің мұғалімі  жоспарға сай сабақтарын жүргізді. Жұмыстың жүйелілігі оқушылардың мектеп формасын сақтап, басына хиджаб кию сияқты мәселелр туындамады.  


Үлгілік жақтары. Өз әрекеттерінде, іс-қимылдарында алған құқықтық білімін қолдана біледі және қоғамдық іске өз еркімен қатысып, құқықтық белсенділік көрсете біледі.

Жақсы жақтары. Жасөспірімдер басқалардың құқықтары мен міндеттерін құрметтеуге тәрбиеленеді.

Жақсартуды талап етуші жақтары. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін ұқтырып, жауапкершілігін арттыру

Төмен жақтары. Ұлдармен, жасөспірімдер құқығын қорғау қоғамдық инспекторы жұмыстың жан-жақты дамыған көлемде жүрмеуі

Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысы айына бір рет  өткізіліп тұрды. Оқушылар арасындағы қаңғыбастық пен құқықбұзушылықты ескерту және қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:

  • Жетім, әлеуметтік жағдайы  төмен, тәрбиесі «қиын» оқушылардың үйлеріне психолог, әлеуметтік - педагог, сынып жетекші, тәрбие орынбасары тарапынан рейдтер;
  • Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысы (айына бір рет);
  • Бопсалауды алдын алу мақсатында анонимді сауалнамалар (психолог);
  • Оқушыларды әр түрлі үйірмелер мен спорттық секцияларға тарту жұмыстары.


Тұжырымдар мен  ұсыныстар:
 1. Оқушыларда қоғам, еңбек ұжымы, жеке адам өмірінде құқықтық нормалардың атқарылатын рөлі туралы түсініктері қалыптасады.

2. Құқықтық тәрбие және білім беруді оқушылардың қолдану маңыздылығына, әлеуметтік бейімделуіне бағыттау.



Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.


      2020-2021 оқу жылының қыркүйек, қазан, наурыз, сәуір, мамыр айларында жылдағыдай оқушыларды еңбекке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу мақсатында мектеп айналасын тазалау жұмыстары жүргізіліп, ағаш отырғызу, гүл егу сенбіліктері ішінара өткізілді.  Бұл оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеп, еңбекке баулиды, қоршаған орта мен табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін дамытады.  Жалпы мектеп бойынша гүлдерді көбейту,  гүлдендіру бойынша  биология пәнінің  мұғалімдері мен лаборанттары жұмыс жүргізіп тұрады, ол  мектепте әсемдік орта қалыптастырып, оқушылардың қызығушылықтарын тудырады. 

Осы бағытта атқарылған іс-шаралар:


  •       Оқушыларды еңбек - экономикаға баулу, экологияға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында   және  тәрбие   жұмысының    жылдық   циклограммасына     сәйкес        қазан айының  01.10 – 01.11.20 қарашааралығында еңбек,  экономика,   экология  айлығы   өтті. 1-4, 5-8  сыныптары арасында «Алтын күз»,  «Өз ағашыңды отырғыз »  «Отбасылық сенбіліктер» тақырыптарында  акциялар ұйымдастырылды.



  • Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «2020-2023 жылдарға арналған каникул кезеңіндегі балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» №1-өкіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалар арасында коронавирустық инфекцияның одан ары таралуына жол бермеу мақсатында оқушылардың каникул кезіндегі пайдалы және белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру жүйесін дамыту мен жетілдіруге бағыталған «Қазақстан балалары - күзгі интерактив!» күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында  іс шаралар өтті. 
  •      «Қазақстан балалары – күзгі интерактив» (05.11.20.-16.11.20) іс шаралар жоспарына сәйкес каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында және  шығармашылық, интеллектуалдық, зияткерлік бағытта түрлі іс шаралар ұйымдастырылып, мектеп оқушылары  белсенді қатысты.
  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының «Мектептер мен жоғары оқу орындарында экологиялық тәрбие беруді күшейту бойынша практикалық шараларды тұжырымдау» туралы 95-тармағын орындау мақсатында орта білім беру ұйымдарына арналған Экологиялық білім берудің жалпы республикалық апталығын өткізудің тұжырымдамасын (бұдан әрі – Экология апталығы) әзірлеген болатын. Өткізілген күні: 2021 жылғы 26-30 сәуір аралығында. Экология апталығының мақсаты – адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы негізгі идеяларды, экологиялық мәдениетті, салауатты өмір салтын және экологиялық проблемаларды түсіну негізінде жеке қасиеттер ретінде моральдық - экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.
  • Осы мақсатта Алғазы орта мектебінде «Біз болашаққа жауаптымыз!» ұранымен онкүндік жоспарланып,  өткізілді. Оқушылардың экологиялық мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өмірдің мәні мен экологиялық проблемаларды түсіну негізінде жеке қасиеттер ретінде моральдық және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында онкүндік тұжырымдамасына сәйкес жұмыстар жүргізілді. 



  • Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мәселелеріне халықтың, жұртшылықтың мемлекеттік билік органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіпкерлердің назарын аударуға және оларға нақты практикалық көмек көрсетуге, халықты экологиялық ағартуға бағытталған мектеп оқушылары арасында «Қоршаған ортаны қорғау күні», «Құстар күні»,  т.б. акциялары мен шығармашылық байқаулар  өткізілді.


  • Мамандық таңдау «Мамандықтың бәрі жақсы» сынып сағаты, «Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілесің», «Сенімділік кілті» сауалнама, «Мен таңдаған мамандық» атты пікірталас.
  •  «Төтенше табиғи апаттар қаупі» сесмологиялық дайындықтар.
  • 1 наурыз «Алғыс айту» күніне,  «Күз» балы, «Гүлдер жәрмеңкесі», 8 наурыз және Наурыз мерекесіне орай   өткен  іс-шаралар.



Мамандық таңдауға келсек, жыл бойы кәсіби колледждермен байланыс жасалынып, оқушылар Балқаш  қаласындағы оқу орындарына барып танысты және мектепте түсіндіру, бағдарлау жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрды. 


Тұжырымдар мен  ұсыныстар:

1. Табиғат пен адам өмірінің бірлігін сезінетін, қоршаған табиғи ортаны аялай, сақтай білетін азаматты тәрбиелейді.

2. Нарықтық жағдайда өмір сүре, еңбек ете білетін, бәсекеге қабілетті, кәсіби даярланған тұлғаны қалыптастырады.



Үлгілік жақтары. Оқушы  мамандық таңдауға бейімделеді, баланың экономикалық   ойлауын  және     экологиялық   мәдениетін қалыптастырады.

Жақсы жақтары. Табиғатты пайдаланып, қоршаған ортаны , жан-жануарларды қорғайды.

Жақсартуды талап етуші жақтары.Үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту.

Төмен жақтары. Мамандыққа бағдарлау жұмыстары психологтар қызметі жағынан жақсартылсын.


Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мектептегі осы бағытқа байланысты дәстүрге айналған, қалыптасып өткізілген іс шаралар:

  •           06.09-20-27.09.20 аралығында жолда жүру ережесі айлығы өтті. Мақсаты: оқушыларды жолда жүру  ережесімен   таныстыру , жол қауіпсіздігін   есте сақтауға , көшеде дұрыс жүруге, жол белгілерін жатқа білуге  үйрену және   жолда көлік апаттарынан   сақтандыру  мен оқушылар  өмірінің   қауіпсіздігін сақтау болып табылады.
  •   ЖЖЕ айлығының   жоспарына сәйкес  ашық сынып сағаттарын өткізгендер : 1 сынып жетекшісі М.М.Имангалиева, 2   сынып жетекшсі Оспанбекова Г, 3  сынып жетекшісі Кыдырманова Г,  4    сынып жетекшісі Накенова Г, 5 сынып жетекшісі Бахтаева Р, 6  сынып жетекшісі  Карабалинова Э.
  •         Бастауыш сынып жетекшілері  бастауыш сынып оқушыларын жол ережелері мен жол белгілерімен таныстырып, жолда жүру ережелерін бұзған жағдайда қандай апатты жағдайлардың болатындығын    түсіндірді, жол ережесін сақтау тәртібі туралы нұсқаулықтар таратты.
  • Құндылықтарға негізделген тәрбие тұжырымдамасының дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытының жоспарына сәйкес 2020 жылдың 16 қараша мен 16 желтоқсан аралығында жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған Қазақстан Республикасының үздіксіз білім берудегі тәрбие тұжырымдамасының негіздерін бекіту туралы 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығына сәйкес 8 –ші бағыт – дене тәрбиесі , салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен айлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, өтті.
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытының жоспарына сәйкес медбике Г.Байженова мектеп ұжымы мен кезекші бірінші сынып оқушыларына , ата –аналар арасында коронавирус ауруының алдын алу, білім бері ұйымында санитарлық талаптарды күшейту, сыныптарды үнемі желдету, дымқыл шүберекпен тазартып жуу, дезинфекциялық және жуғыш заттарды пайдалану, толық қауіпсіздік жағдайына арналған арнайы медициналық маскаларды тағып жүру туралы ұжыммен, оқушылармен әңгіме жүргізді.
  • Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытының жоспарына сәйкес тақырыптық сынып сағаттарын  өткізгендер: 1  сынып жетекшісі  Имангалиева М. «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз», 2 сынып жетекшісі Оспанбекова Г , 5   сынып жетекшсі Бахтаева Р «» тақырыбында сынып сағаттары өтті. 
  •         Ай бойы 9-10 сынып оқушылары арасында Дүниежүзілік ЖҚТБ күнінен арналған «Мен өмірді сүйемін...», «Болашағымыз есірткісіз...» ұранымен  ұйымдастырылған плакат байқауы өтті, сайысқа жоғарғы сынып оқушылары белсенді қатысып, салған плакаттары бойынша өз ойларын білдірді. 9 , 10   сыныптары қатысты. Нәтижесінде  І орын  9  , ІІ орын   10   
  •           Бастауыш 1-4 сынып оқушылары арасында «Мен салауатты өмір салтын таңдаймын»,   «Пайдалы тағамдар », «Денсаулыққа зиян келтіретін тағамдар», «Спорт-денсаулық кепілі» тақырыптарында мәнерлеп оқу байқауына қатысып, Қатысқан сыныптар 2  сынып  мен 3сыныбы .   Бастауыш сыныптары арасында «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» плакаттар байқауы өткізілді.


  •  Сонымен қатар «Зиянды әдеттен аулақ бол!», «ас – адамның арқауы», «Дәрумендер – денсаулық кепілі» «ЖҚТБ- ғасыр індеті», тақырыбындағы сынып сағаттар;
  •  «ЖҚТБ – ғасыр зобалаңы» медицина қызметкерлерімен кездесу, «Тазалық-денсаулық кепілі» оқушылардың жеке бас гигиенасын тексеру;
  •  « Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» акциясы бойынша балалардың үйлеріндегі спортпен айналысуы туралы роликтер;
  • Түрлі спорттық мектептегі шахмат, шашки, тоғызқұмалақ, стол теннисі секцияларына оқушылар қатысады.  



Жыл бойы дене шынықтыру ӘБ ұйымдастыруымен мектепте мектепішілік - 2-4 сыныптар арасында 4 бөлімнен тұратын эстафеталық ойындарға негізделген  «Денсаулық фестивалі» ұйымдастырылды.     

Тұжырымдар мен  ұсыныстар:

1. Салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелейді.

2.Салауатты өмір салтын ұстануға, дене дамуы және психологиялық денсаулықты сақтауға көмектеседі.


Үлгілік жақтары. Салауатты өмір салтын ұстануға– ынталандырады, жастардың дене және рухани күштерінің толық ашылуына қолайлы жағдай  жасайды.

Жақсы жақтары. Оқушылар бос уақытын дұрыс пайдалуға дағдыланады.

Жақсартуды талап етуші жақтары. Өз денсаулығын сақтау жолдарын білуі.

Төмен жақтары. Еңбекпен шұғылдану, спортпен , салауатты өмір салтын сақтауды дамыту


Рухани –адамгершілік және эстетикалық тәрбие.


 Өткізілуі дәстүрге айналған, қалыптасып, жоспар бойынша өткізілген іс-шаралар:

  • Сынып сағаттары:«Ақылшым, досым - ұстазым», «Ата-әжемді жақсы көремін», «Қарттарым – асыл қазынам», «Қыздарға әсемдік жарасады», «Киелі туған жер», т.б.
  • «Жамбыл – 175 жаста» т.б. іс-шаралар.
  • Белгілі әнші-сазгер Ескендір Хасанғалиевтің 80 жасқа толуына орай, шығармашылығына арналып «Атамекен» әнін мектеп ұжымы мен  сынып оқушылары мен мектеп ұстаздарының қашықтықтан орындалуымен челлендж болып   жолданды.


  •      Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жалпы адамзаттық Құндылықтар күнін өткізу аясында 2020 жылдың 23 қарашасында барлық білім беру ұйымдарында білім алушылардың белсенді қатысуымен рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған қашықтан ұйымдастырылған іс шаралар өтті. 


     Құндылықтарға негізделген тәрбие тұжырымдамасының көп мәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие, рухани танымдық тәрбие және отбасы тәрбие бағыттары жоспарына сәйкес 2020 жылдың 24-25 желтоқсан күндері республикамыздың барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Ғажайыпқа толы жаңа жыл!» атты балаларды құттықтау мақсатында онлайн форматта ұйымдастырылған жаңа жылдық құттықтау рәсімі өтті. «Ғажайыпқа толы жаңа жыл!» атты жаңа жылдың салтанатты кеші биыл ерекше форматта ұйымдастырылды. Ертеңгіліктер: «Ұстаз аты мәңгілік, жадымда тұрар жаңғырып», «Аналар ға тағзым», «Айналайын, ақ мамам», «Армысың, әз Наурыз!»;

  •  «Жыр алыбы –Жамбыл»,  «Ақиық ақын – Мұқағали», «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында іс-шаралар; 
  • Қамқорлық акциялары:   «Жүректен жүрекке» акциясы аясында көрсетілген көмектер.


Тұжырымдар мен  ұсыныстар:
1. Оқушыларды эстетикалық және рухани тұрғыда тәрбиелейді.

      2. Жас ұрпақты адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркемөнердегі және табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре-білетін, бақылай алатын азамат етіп тәрбиелеуге  бағыттау.


Үлгілік жақтары. Мектеп, отбасы, ұжымдық әрекеттердің біртұтастығын қалыптастырады.  

Жақсы жақтары. Рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастырады

Жақсартуды талап етуші жақтары. Рухани күштерінің толық ашылуына қолайлы жағдай жасау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға тәрбиелеу

Төмен жақтары. Оқушылар мен мұғалімдер арасында олардың өзін-өзі дамуы мен зерттеушілік жұмысқа қабілеттілігін арттыру  үшін шығармашылық ахуал туғызу.


Отбасы тәрбиесі, ата-аналармен жұмыс (Өткізілген іс-шаралар)

  • 2020 жылдың 20 тамыз күні «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» офлайн форматта жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысың мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды хабардар ету. Күн тәртібінде жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау, : баланың іс-әрекеті және жұмыс орны, жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі, баланың оқу режимі және демалысы, баланы өздігінен оқуға ынталандыруға болады?  ,  ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы.
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министірлігі 02.09.2020 жылғы №3-15-6/3214-Н хатына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу туралы хатына сәйкес   2020 жылдың 14-21 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» ұранымен   ұйымдастырылған іс шаралар өткізді
  •          Тәрбие жұмысының жылдық жоспарына және тәрбие циклограммасының отбасы тәрбие бағыты бойынша 1-11 сынып жетекшілер отбасы күніне орай  іс-шаралар   жоспарына сәйкес  сынып сағаттарын ұйымдастырып өткізсе, 1-4 сынып оқушылары арасында «Менің отбасым» тақырыбында фото-коллаж байқауы, 5-8 сынып оқушылары арасында  «Менің бақытты отбасым» тақырыбында үздік видео байқауы ұйымдастырылды. 
  • Құндылықтарға негізделген тәрбие тұжырымдамасының көп мәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие бағыты және отбасылық тәрбие жоспарына сәйкес және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 1-11 сынып оқушылары арасында мерекелік құттықтау ұйымдастырылды.  Мектеп оқушылары Ұстаз-аналарын халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ыстық лебіздерін жолдап, әдемі концерт қойып,  қуаныш сыйлады. 8 наурыз қарсаңында 2-4 сынып оқушылары арасында «Қыз еркем, анасымен көркем» тақырыбында  байқау өтті. Мақсаты: Оқушылардың эстетикалық дағдыларын арттыру, ана еңбегін ардақтап, анаға құрмет көрсету, отбасылық тәрбие құндылықтарын дәріптеу.  байқауда қатысушылар анасы мен қызы арасындағы қарым-қатынасты ұлттық тәрбие негізінде насихаттау, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білу, қыз бойына ізгілік пен инабаттылық қасиеттерді қалыптастыра отырып өзін-өздері таныстырды, ұлттық тағамды бірге дайындап , тәрбиелік мәні бар видеороликтер түсірді.   өткен байқауға 3 сынып жетекшісі Г.Қыдырманованың жетекшілігімен Қазкен Сезім анасы-Алуамен, Тлеубосын Анель анасы – Шырынмен және 2 сынып жетекшісі Г.Оспанбекованың  жетекшілігімен Мағза Айсана анасымен қатысты. 
  • 2021 жылдың 22 мамыр күні оқу жылының қорытындысы туралы ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: ата-аналарды 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жалпы республикалық ата-аналар жиналысы офлайн форматта сынып жетекшілердің, пән мұғалімдері мен ата-аналар комитетінің қатысуымен ұйымдастырылып өтті.
  •        Бірінші бөлімде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Бегатаева күн тәртібінде қаралатын мәселе 2020-2021 оқу жылының қорытындысы, оқу жылының соңында өтетін іс шаралар : соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші, жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру т.б. мәселелер бойынша сөйледі. 
  •        Екінші бөлімде ата-аналар мен пән мұғалімдері, сынып жетекшілер жалпы республикалық жиналыс барысында  түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әр оқушының жеке жеке деңгейі, оқу үлгерімі мен білім сапасы туралы әңгіме жүргізілді.

  • «Толағай» отбасылық спорттық ойындары. Отбасылық қарым-қатынасты анықтау. Зерттеу жұмыстары; Ата-аналар комитетінің отырыстары;
  • Ата-аналар жиналысы:  (коучинг «Ата-ана, өз балаңа үлгі бол!»  эссе:«Отбасы – кіші мемлекет»);
  • Сынып сағаттары: «Айналайын, ақ мамам!», «Ана – өмірдің бәйтерегі!», «Отбасым – кіші Отаным»; «Ата-ананы қадірлеу - парыз» тәрбие сағаты  Бахтаева Р.А, Спанбетова А.Ж
  • Психологтың ата-аналармен жұмысы. Психологиялық және педагогикалық көмек көрсету;
  • Ата-аналарға арналған құқықтық лекторийлер;
  • «Менің отбасы» фотоальбом, сурет, альбомдар байқауы;
  • «Кәмелетке толмағандар мен бала және ата-ана арасындағы тығыз қарым –қатынас» әңгіме;
  • «Қамқоршылық кеңесі» жұмыс жүргізуде.

     Ай сайын ата-аналар комитетінің отырысы өткізіліп, тоқсан сайын қоғамдық ата-аналар тыңдалымдарына ата-аналар комитетінің мүшелері қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.  Әр сыныпта сынып жетекшілері жоспарлы түрде сынып сағаттарын және ата-аналар жиналыстарын өткізіп тұрды.  Жаңа жылдық шырша мерекесі, 1-наурыз,  8- наурыз, 22 –наурыз, 25 мамыр «Соңғы қоңырау» мерекелеріне орай өткізілген  іс-шараларға   ата-аналар   да белсенділік танытты.  Сонымен қатар мерекелік іс-шараларға, рейдтерге, акцияларға, жиналыстарға  қатысу арқылы мектеп пен ата-ана арасында ізгі қатынас орнатылған. 


Тұжырымдар мен  ұсыныстар:
 1. Ата-ана мен мектептің өзара байланысы артады.

2.Ата-аналардың балаларына тәрбие беруде жауапкершілікпен қарау.

3. Сабақтан себепсіз қалатын оқушылардың ата-анасымен жұмыс жүргізу.


Үлгілік жақтары. Оқушыларды инабаттылық пен парасаттылыққа, мейірімділікке баулиды. 

Жақсы жақтары. Ата-аналарын, үлкендерді құрметтеуге, кішіге ізет көрсетуге,ата-ана еңбегін бағалауға  тәрбиеленеді.

Жақсартуды талап етуші жақтары. Ата-аналарды жаппай оқыту, лекторийлерлер өткізу, бірлескен отбасылық               іс-шараларды көбейту

Төмен жақтары. Мемлекеттік емес ұйымдармен ынтымақтастықты арттыру


Ұлттық тәрбие      (Жүргізілген іс-шаралар)

  •            Оқушыларға ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлауды жаңа форматта ұйымдастыру туралы онкүндік тұжырымдамасына сәйкес және халқымыздың ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мен дәріптеу, салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды жаңғырту мақсатында оффлайн форматта іс-шаралар ұйымдастырылды. 
  •     Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыз мейрамын мерекелеу тұжырымдамасын әзірлеуді және көктемгі мерекенің мазмұнын байытуды тапсырған болатын.   наурыз мерекесін тойлауға қатысты іс шаралар 1-22 наурыз аралығында жоспарланып, әр күн атаулы мерекелер болып ұйымдастырылды. «Наурыз-думан» іс шаралар жоспарының мақсаты: Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру, оқушыларға ұлттық тәрбие бере отырып, рухани-адамгершілікке баулу, оқушылардың ұлтжандылық сезімдерін оята отырып, ұлттық салт-дәстүрлерге құрметпен қарап, Отанын, елін қадірлей білуге баулу.
  •             «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.  Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін қашықтан ұйымдастырылып, «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше екені бәрімізге белгілі.
  •              Тәрбие тұжырымдамасының жаңа Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық айлық жоспарына және рухани танымдық тәрбие жоспарына сәйкес   «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлт өкілдерінің балалары мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністерді   көрсетуде.

«Атамұрам-асыл қазынам», ұлттық ойындар жарысы 5-6 сын. (тоғызқұмалақ, асық, шахмат т.б.)

  • Сынып сағаты: «Төрт түлік мал», «Наурыз – жыл басы», «Мың бір мақал», «Ұлттық валюта»1-11 сын.
  • Ұлттық ойындар  (ҚР-ның Тәуелсіздік күнін,Жамбылдың 175 жылдығына орай) 5-8 сын.
  •  «Қазақ аруы - 2021» сайысы 
  • «Жыр алыбы -Жамбыл», «Ақиық ақын –Мұқағали»;
  • «Қызға қырық үйден тию ...», «Әдемі әрі тез жасалатын шаш үлгісі» атты кеңестер;
  • «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша кітап оқуға қызықтыру барысында үлгі боларлық жұмыстар атқарды.

Мектептегі «Шебер қолдар» үйірмесінің ұлттық тәрбие беруде ықпалы зор. Ұлттық және әлемдік көркем мәдениетімен, өнер шығармаларымен танысу арқылы құндылық бағыттарын қалыптастырады. Сонымен қатар әр бір үйірмеде ұлттық мәдениетімізге байланысты білімдерін жетілдіріп, шығармашылық қабілеттерін дамытады. 


Тұжырымдар мен   ұсыныстар:

1. Оқушылардың ұлттық сезімдерін оятады.

2.Өз халқының мәдени мұрасын қастерлеуге баулу.


Үлгілік жақтары. Өскелең  ұрпақты асыл қазыналарымыз арқылы рухани жан дүниесін байыту.

Жақсы жақтары. Халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын, мәдениетін, өнерін  ұмытпауға үйрету.

Жақсартуды талап етуші жақтары. Халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай рухани мұрасымен жастардың бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастыру қажет.

Төмен жақтары. Ұрпақ бойында сенімділік, намысшылдық ,ұлттық мәдениетке деген қызығушылық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру бағытында жұмысты нығайту.


Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі Өткізілген іс-шаралар:

  •          Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру мақсатында 2020 жылдың 16 қыркүйек пен 16 қазан аралығында зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру айлығы   ұйымдастырылып  өтті. Жоспарға сәйкес Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында сынып жетекшілер тақырыптық сынып сағаттарын өткізді. 
  •        Құндылықтарға негізделген білім беру тәрбие тұжырымдамасының  2020-2021 оқу жылында кітаптың пайдасын арттыру мен кітап оқуды қолдау мақсатында  «Кітап оқу сәні» оқушылар арасындағы кітап оқу сағаттары ұйымдастырылды. 
  •          Құндылықтарға негізделген білім беру ұйымдарындағы тәрбие тұжырымдамасына сәйкес 2020-2021 оқу жылында кітаптың пайдасын арттыру мен кітап оқуды қолдау мақсатында («Кітап оқу сәні» ) білім алушылар мен ересектердің (кітапханашы, мұғалім, ата-аналар мен білім алушылар)  кітапқа деген қызығушылығы негізінде, кітап көрмелері мен кітап өнімдерін қоғамдық шолу жасау үшін «Оқымысты мектеп» іс шараларын жоспарлау ұсынылған. 
  •       Сонымен қатар жас оқырманның назарын жаңа кітапқа аудару, оған рухани қазына қақпасының кілтін ұстату мақсатында ұйымдастырылған «Бір ел-бір кітап - 2021» акциясы бойынша кітап оқу эстафетасын ұйымдастырылды.  Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына жоспарланған іс шаралар бойынша қазақ топырағынан шыққан ұлы данышпан  туралы видео түсіріп, оқырман назарына ұсынылды. «Оқуға құштар мектеп жобасы» бойынша желтоқсан айында жүргізілген іс шаралардың барлығы әлеуметтік желілер арқылы таратылып, оқырман назарына ұсынылды.
  •          Осы мақсатта 3-ші тоқсан бойы  оқушылар арасында оқушылардың зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, оқушылар мен жастардың оқу құзыреттілігін дамыту, жас ұрпақтың бойына жоғарғы азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуды насихаттау, мақсатында кітап оқу сағатын ұйымдастыру және мектеп жасынан оқуға ынтасын ашылған терең ойлы , жан-жақты тұлға болып қалыптасуына арналған іс шаралардың жылдық жоспары құрылып, бекітілді.


 Жұмыс жоспарына сай  қыркүйек айында  «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысының сайлауы өткізілді, белсенділері тағайындалып, Жас Ұлан ұйымының құрамы бекітілді. Ұйым белсенділері түрлі интеллектуалды жарыстарға қатыстырылып, мектептегі іс-шараларға да белсене араласты. 


Тұжырымдар мен  ұсыныстар:
  1. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін арттырады.

 2. Зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, ақпараттық коммуникативтік  қабілеттілікті меңгерту.


Үлгілік жақтары. Өмір бойы білім алуына ықпал етеді

Жақсы жақтары. Жоғары ақпараттық мәдениет қалыптасуға ұмтылу және қызығушылық білдіреді, интернет- сауаттылықты қалыптастырады

Жақсартуды талап етуші жақтары.Ақпарат  дереккөздерін таңдау және талдау жасау, өздігімен іздестіру жолдары мен тәсілдеріне көңіл бөлу

Төмен жақтарыПікірталас жүргізу дағдыларын жетілдіру, ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларды сақтау


Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Оқушылардың қоғамдағы жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту мақсатында мектепте өткізілген іс-шаралар:

  • Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту, ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу, Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту мақсатында «Елімнің бірлігі-халықтың тілегі » атты тілдер мерекесіне арналған іс шаралар 10.09.-30.09.20. аралығында өтті.


  • ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» тақырыбында іс шаралар жоспарланып, жоғары дәрежеде өтті.
  • 2021 жылдың ақпан айында АӘД пәні мұғалімі Д.Мейрамгазин мен педагог-ұйымдастырушы Н.Имашеваның жетекшілігімен  Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру,“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу, Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған, жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие беру, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында ерлік сабағы өтті.
  • 2020-2021 оқу жылында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы республика көлемінде аталып өтуде. Оқушылар өлең сөздің дүлділі, жыр алыбы Жамбыл Жабаев туралы шығармашылық жұмыстар жасады,  Бастауыш сынып оқушылары ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Б.Даулетчинова,М.Жетписбаева сабақ беретін сынып оқушылары «Жыр алыбы – Жамбыл Жабаев» тақырыбында видео презентация жасап, «Жаһанның жыр Жамбылы» тақырыбында шығарма жазды.
  • «Қыздар»  клубтарының жұмысы; «Ұлдар» клубының жұмысы; Өзін-өзі басқару ұйымы жұмысы; оқушыларға  көркем-эстетикалық тәрбие беруде «Волейбол», «Шебер қолдар»,  т.б. үйірмелердің мәні зор. 

Тұжырымдар мен  ұсыныстар:


  1. Тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құрады, қоғамдағы жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.
  2. Өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.



Үлгілік жақтары. Оқушының қоғамдағы жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады,жан-жақты етеді.

Жақсы жақтары. Қарым- қатынас мәдениетін арттырады.

Жақсартуды талап етуші жақтары.Көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бейімдеу, белсенділікке баулу.

Төмен жақтары.  Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін дамыту .


Үйірмелердің жұмысы: Оқушыларға эстетикалық тәрбие берумен қатар, өнерге баулу,  өзін-өзі дамыту, жеке қасиеттерін қалыптастыру,  салауаттылыққа үйрету, патриоттық, құқықтық, адамгершілік, еңбек, кәсіби-шығармашылық, экологиялық тәрбие беруде үйірме жұмыстарының ықпалы зор. Мектепте 2 үйірме түрлері  жұмыс жүргізді. Атап айтқанда:  «Шебер қолдар», «Жас экологтар», .


Тұжырымдар мен   ұсыныстар:

1.Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын құруға тәрбиелейді.                   

2.Эстетикалық тәрбие берумен қатар, өнерге баулу,   өзін-өзі дамыту, жеке қасиеттерін қалыптастыру.

Үлгілік жақтары.Оқушылардың  бос уақытын тиімді ұйымдастыруды және салауатты өмір салтын ұстануға үйретеді

Жақсы жақтары. Денсаулығын нығайтады, қарым- қатынас мәдениетін арттырады.

Жақсартуды талап етуші жақтары. Балалармен щығармашылыққа, өз бетінше ізденуге баулу.

Төмен жақтары. Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескеру.


Тәрбие жұмысының SWOT  талдауы 


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мүмкіндік

Қауіп 


Мектептің тәрбие қызметі үш салада жүзеге асады: оқыту барысында, сабақтан тыс, мектептен тыс қызметте.

Бастауыш сынып  ата-аналарының тәрбие үдерісіне белсенді қатысуы.


Сыныптардың ұжымдық, ұйымдастырушылық қабілеттері.

Оқушылардың белсенділігінің төмендігі.


Дарынды оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту.

Өзін-өзі таныту, дамыту  үшін қолайлы жағдай туғызу.

Сынып жетекшілердің кәсіби құзыреттілігінің арттыру.

Ата-аналар тарапынан қолдау.

Ата-аналардың мектеппен байланысының әлсіздігі.  




2021-2022 оқу жылы

Мақсаты:

Оқушылардың патриоттық және азаматтық сана,толеранттылық,жалпы мәдени,салауатты өмір салтын,шығармашылық қабілетін іске асырудың жоғары деңгейін қалыптастыру,ұлттық тәрбие жүйесін дамыту және жаңғырту,девиантты мінез-құлықтардың алдын алу. 


Міндеттері:

1. Отанының тағдыры үшін жауапты,белсенді азаматтық позициясы бар Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын қалыптастыру және дамыту.

2. Тұлғаның құқықтық санасын,саяси белсенділігін,құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

3.Балалар мен оқушы жастарда адамдарға қатысты адамгершілік тәрбие,қазақ халқының,Қазақстан Республикасында   тұратын басқа этностар мен этникалық топтар мәдениеті мен дәстүріне құрмет,ұлттық мұраға бейімдеу,толеранттылық сана,бейбітшілік пен келісімде өмір сүру бірлігін қалыптастыру негізінде ұлтаралық қатынастар мәдениетін арттыру.                                                                                                            .

4.Өскелең ұрпақ тәрбиелеуде ана тілі,мәдениеті,дәстүрі және басқа да құндылықтар арқылы отбасы рөлін күшейту.

5.Оқушы жастар арасында әлеуметтік жетімдік,бейәлеуметтік мінез-құлық және идеологиялық экстремизм,нашақорлықты тарату,және басқа да келеңсіз құбылыстарды жеңуде қажет шарттарды қамтамасыз ету. 


Биылғы оқу жылында 1-11 сыныптар аралығында  10 сынып комплектісі  және сынып жетекшілер бірлестігінің құрамында 10 сынып жетекші бекітілген.  Оның ішінде 10 қазақ сыныптары.  Жыл басында  сынып жетекшілердің ӘБ-нің жоспары құрылып,  құндылықтарға негізделген тәрбие тұжырымдамасының 8 бағыты бойынша жұмыс атқарылды. Сынып жетекшілердің жылдық жоспары  және жұмыс циклограммасы  оқушылардың жас ерекшелігіне сай құрылып, бекітілді.   Әр аптада   жоспарлы түрде сынып сағаттары өткізіліп тұрды.

2021-2022 оқу жылында «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы оқушылардың бойында жалпы азаматтық, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамытуға, олардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге, экологиялық мәдениетін, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2019 жылдың «15» сәуірдегі № 145 бұйрығымен  бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020жылғы 12 маусымдағы №248 бұйрығымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы.ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы бойынша Алғазы орта мектебінде тәрбие жұмысы  ұйымдастырылды.

Жоспар бойынша сынып сағаттарына талдау жүргізіліп, жас сынып жетекшілерге әдістемелік көмек көрсетіліп тұрды. Биылғы оқу жылындағы жас сынып жетекшілерге тәлімгерлер тағайындалып, жыл бойы әдістемелік көмек көрсетіліп тұрды. Тоқсан сайын сынып жинақ папкалары тексеріліп, ескертулер жасалынды. Әр сыныпта сынып ережелері жасалынып, сынып белсенділері тағайындалды, олар мектептің қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде тартылып, сынып сағаты сайын өткізілетін мектеп жиынында талқыланды. Тоқсанына бір рет   сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізіліп, өткізілген ашық тәрбие сағаттары мен жауапты іс-шараларының өтілу сапасына  талдау жасалынды, ұсыныстар айтылды.  

2021-2022 оқу жылындағы  тәрбие жұмысы бойынша белсенділік танытып, тәрбиелік деңгейі ең жоғары болған 

сыныптар: 1-4 сыныптар арасында 1сынып жетекшісі Г.Кыдырманова ,   3  сынып жетекшісі М.Имангалиева,4сынып жетекшісі Р.Г.Оспанбекова, 5 сынып жетекшісі А.Ермек,8сынып жетекшісі Э.Карабалинова,9 сынып жетекшісі Д.Амиржанова және т.б. сынып жетекшілер. 

           Алғазы орта мектебінің  тәрбие жұмысының айлық циклограммасы жоспарына сәйкес сынып жетекшілердің бірлестігінде жоспарланған  10 тәрбие сағаттары өткізілді.                          2021-2022 жаңа оқу жылын ұйымдасқан түрде бастау, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, оқушылардың оқуына позитивті ынтасын, оқушылардың оқуға және өз денсаулығына құндылықты қарым-қатынасын қалыптастыру, өзін-өзі ұйымдастыруға дағдыландыру мақсатында 1-11 сынып жетекшілері   Ә.Бөкейхановтың 155 жылдығы, Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жылдығы,  және т.б. ұсынылған тақырыптар бойынша Білім күніне арналған сынып сағаттары өтті




Сынып жетекшілердің тәрбие жұмысына арналған циклограммасына сәйкес тәрбие құндылықтарға негізделген тұжырымдамасының сегіз бағытына сәйкес іс шаралар патриоттық та, мерекелік те, белгілі даталарға қатысты іс-шаралар түгел ұйымдастырылды. 

Жоспарға сай тоқсан сайын ата-аналар жиналыстары өткізіліп,  көпбалалы, аз қамтылған,   толық емес отбасы балаларының үйлеріне рейдтер жасалынып, тұрмыстық жағдайлары тексеріліп, жұмыс жүргізілді. Педагог-психолог үнемі «Ата-ана, өз балаңа үлгі бола біл!» деген тақырыпта жұмыс жүргізіп отырды. 

Тұжырымдар мен  ұсыныстар:

1. Сынып жетекшісінің үйлестіру қызметі тәрбие жұмысын педагогикалық ұжымның басқа мүшелерімен және ең алдымен осы сыныппен   жұмыс жасайтын педагогтармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқарады. 

2. Бақылау және түзету қызметі тәрбие жүйесінің үнемі дамуын қамтамасыз ету, ықпал

            жасау. 

3. Жас сынып жетекшілерге әдістемелік көмек ұйымдастыру.

Үлгілік жақтары. Оқушыларды  оқыту мен тәрбиелеуін ұйымдастырды.

Жақсы жақтары.  Озық педагогикалық     іс-тәжірибе жинақталды.

Жақсартуды талап етуші жақтары. Сынып  жетекшілері өз жұмысында педагогикалық тәжірибені, білім беру мен тәрбиенің тұтастығын, оқыту жүйесінде дәстүрлі көзқарастарды сақтай отырып оқытудың жаңа формалары мен әдістерін енгізуді талап етеді. 

Төмен жақтары.  Сыныпта жұмыс істейтін пән мұғалімдерімен және ата-аналармен тығыз қарым –қатынас жетіспейді.



І - бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие


Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.  «Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ»  атты республикалық ақпараттық науқан өтті.  Науқан барысында балаға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау, балаларды қатыгез ұстауға төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында іс-шаралар жоспары жасалынып, сол бағытта жұмыстар жүргізілді.   «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», атты тәрбие  сағаты,   «Зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты фото конкурс ұйымдастырылды. Фото конкурс байқауына 7-8 сынып қатысты, 8,7 сыныптары   жүлделі орындар мен мақтау қағаздарына ие болды. оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы жиналыс, «Қоғамдағы, отбасындағы, мектептегі зорлық-зомбылық»  тақырыптарында семинар, «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу»,  және т.б.

         2021-2022 оқу жылының  мамыр айының13 күні Алғазы орта мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.А.Алиманова  және мектеп психологы Б.С.Какибаеваның ұйымдастыруымен және 3  сынып жетекшісі Г.Кыдырманова,  4   сынып жетекшісі Г.Накенованың жетекшілігімен бастауыш сынып оқушыларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру , жаз мезгіліндегі оқушылардың денсаулығы мен өмір - қауіпсіздігін сақтау үшін   кездесу өтті.    Мектеп оқушыларының жазғы демалысын қауіпсіз және көңілді өткізу үшін жаз айындағы ең маңызды деген қауіпсіздік шараларын сақтау, оқушылардың жолда жүру ережесін сақтау, жол ережелерінің белгілеріне мұқият қарау және ең маңызды деген қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін   айтты.


  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министірлігі 02.09.2020 жылғы №3-15-6/3214-Н хатына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу туралы хатына сәйкес   2020 жылдың 14-21 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» ұранымен   ұйымдастырылған іс шаралар өткізілді
  • Төтенше жағдай кезінде тәрбие жұмысын «OF-LINE» форматында 1 қазан күні  қарттар күніне арналған іс шаралар ұйымдастырылды. 1-7 сынып жетекшілері және оқушылар қарттар күніне арналған құттықтау видеолары мен слайдтар жасап, жұмыс топтарына жүктеді. Құттықтаулар топтамасы әлеуметтік желілерге жүктеліп, таратылды.
  • Тәрбие тұжырымдамасының  көп мәдениетті және көркем - эстетикалық бағыты мен оқушылардың зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу бағытының жылдық жұмыс жоспарына сәйкестөтенше жағдай кезінде тәрбие жұмысын «OF-LINE» форматта   «Ұстаз – ұлы тұлға!» тақырыбында  ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар өтті.
  • Ұстаздардың құрметіне арналған «Үздік гүл шоғы» байқауы мен видео - құттықтау ұйымдастырылып, барлық сыныптар мерекелік құттықтаулар мен жылы лебіздерін ұстаздар қауымына жолдады. Барлық құттықтаулар әлеуметтік желілерде жарияланып, таратылды. 
  • 09.09-21 жолда жүру ережесі  тақырыбында сынып сағаттары  өтті
  • 2021 жылдың 20 қазан мен 20 қараша аралығында дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» кең ауқымды ақпараттық науқан өткізу туралы бұйрығына сәйкес Алғазы орта мектебінде  «OF-LINE» форматында ұйымдастырылып өтті.
  • 2021 жылдың 15 желтоқсан аралығында «Тәуелсіздік - тұғырым» атты сынып сағаттары өтті, егеменді еліміздің ең ұлық , ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күнінің баға жетпес құндылық екенін оқушыларға дәріптеу, оқушыларға азаматтық, елжандылық тәрбие бере отырып, Отанын, туған жерін, ата-бабамыздың ерлігімен келген тәуелсіздігімізді құрметтеуге, қадірлеуге баулу. 
  •               Құндылықтарға негізделген тәрбие тұжырымдамасының көп мәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие, рухани танымдық тәрбие және отбасы тәрбие бағыттары жоспарына сәйкес 2021 жылдың 24-25 желтоқсан күндері республикамыздың барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Ғажайыпқа толы жаңа жыл!» атты балаларды құттықтау мақсатында онлайн форматта ұйымдастырылған жаңа жылдық құттықтау рәсімі өтті.
  • 2021-2022 оқу жылының 05-19 сәуір аралығында интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернет - белсенділігін бақылауға қатысты интернет - қызметтерді ересек пайдаланушылардың жауапкершілігін, интернет - пайдалану мәдениетін арттыру мақсатында «Қауіпсіз интернет»  республикалық кең ауқымды балалар акциясынан басталды. Жұмыс жоспарына сәйкес  5-8 сынып оқушылар арасында «Менің интернетсіз бір күнім» тақырыбында сурет байқауы,информатика пәні мұғалімі сынып оқушыларымен «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында пікірталас өткізді.

  • «Қазақстан балалары – көктем шақырады  атты каникул жоспары құндылықтарға негізделген тәрбие тұжырымдамасының тәрбие бағыттары бойынша іс шаралар ұйымдастырылды.


  • Құндылықтарға негізделген тәрбие тұжырымдамасының жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтық –құқықтық тәрбие айлығы жоспарына сәйкес  оқушыларға Ұлы Жеңіс жолындағы ерлікті дәріптеу, соғысқа қатысқан батырлар мен ержүрек жауынгерлердің өмірі мен ерлігін дәріптеу, Отан үшін жанын қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңда арамызда жүрген ардагерлеріміздің, тыл еңбеккерлерінің ерліктерін үлгі ете отырып . оқушыларды Отансүйгіштікке, елжандылыққа , батылдыққа , шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында 2022 жылдың 5 мамыр мен 11 мамыр аралығында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңындағы , 7 мамыр – Отан қорағушылар күні мен «Ұлы Жеңіске 76 жыл!» тақырыбында   ұйымдастырылған  іс шаралар өтті.
  •       1-10 сынып оқушылары «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңындағы соғыс кезіндегі өмірді бейнелейтін «Ұлы Отан соғысына 76 жыл», «Ардагерлерге мың тағзым!», «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!» тақырыптарында фото - видео жасап, «Соғыс балалардың көзімен», «Ерлік ұрпаққа мұра» тақырыптарында сурет салып,  әлеуметтік желілер арқылы жүктеді. 
  •  2021-2022 оқу жылының аяқталуына байланысты «Соңғы қоңырау-2022» салтанатты жиын ұйымдастырылды.



    Білім берер ордасы – мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру , өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу, білімнің сара жолын бастауыштан басталынып, бастауыштан алынған білімнің негіз болып қаланатына көз жеткізу, бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстаздарымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздарымен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт сапар тілеп «Бастауышым, бал - бұлағым» атты 4-ші сынып оқушыларының салтанатты іс шарасы  өтті. Төртінші сынып оқушылары алғашқы ұстаздары Г.И.Накеновамен  қоштасып алғысқа толы құттықтау хаттары мен гүл шоқтарын   жолдады.



Тұжырымдар мен  ұсыныстар:
 1. Жоғарыда аталған іс-шаралар жылдық тәрбие жоспарына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып  өткізілді. 


          Оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізгі құқық нормаларын тану болып табылады. Барлық тәрбиелеу шаралары  сияқты, құқықтық тәрбиелеу үрдісі де екі бағытта (сабақ барысында, сабақтан тыс) жүзеге асырылды.  Тарих және құқық негіздері пәндерінің  мұғалімі М.М.Мусаханов оқушылар арасында, тарих пәнінің мұғалімі Э.Б.Карабалинова ата-аналарға, ДТІЖО  А.А.Алиманова   мұғалімдерге арналған құқықтық білім беру сабақтарын жоспарға сай  бейнежазба, слайд түрінде өткізіп тұрды. ДТІЖО Алиманова   оқушылармен «Сен өз құқығыңды білесің бе?», «Заң алдында жауапкершілік» тақырыптарында құқықтық әңгімелер өткізіп, тәрбие ісіне өз үлесін қосып отырды, тәртіп бұзған оқушылармен әңгіме жүргізді, сенім жәшігін тексеруге қатысты. Мектеп психологы Какибаева  сынып оқушыларымен бала құқықтары, жауапкершілік баптары, буллинг, кибербуллинг туралы қосымша мәліметтер беріліп, қыз балалардан ананимный анкета алынып, анализ жасалды. 

 Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды.   Оқушыларды азаматтылыққа, Отансүйгіштікке баулып, адамның құқықтарына, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында педагог - ұйымдастырушы Н.Е.Имашева ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ» тақырыбында кітап бұрышы жасалынып,    жоспарлы түрде көптеген іс-шаралар өткізілді:

  • « Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» оқушылар арасында сурет байқауы.
  • «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында ата-аналарға  дәріс .
  • 8-9 сынып оқушылары арасында «Жемқорлыққа жол жоқ » сурет байқауы өтті.  Сурет байқауының мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында   рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, адал ұрпақ буынын тәрбиелеу, сыбайлас –жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті және оған қарсы мәдениетті  қалыптастыру. Байқауға қатысқан оқушылар тақырыптық сурет салып, әлеуметтік желілер арқылы таратып, өз жұмыстарын ұсынды. Оқушылар салған суреттерінде   адал жолмен  жүруге, адалдыққа үйрену, пара алмау, болашақта тек шындықпен өмір сүру керектігін сурет бетіне салып көрсетті. . Пара алғанда, заңсыз іс-әрекеттер жасағанда қандай жағдайға әкеп соқтыратындығы салынған суреттерде көрсетілгенҚорыта келе, 8 -9сыныптар арасында І орын-8 , ІІ орын-9.
  •  «Адамға құқық не үшін керек?» деген жасөспірімдер құқығын қорғау инспекторының ЗУМ арқылы әңгімесі.
  • «ҚР-ның Бала құқықтары туралы» Заңы, «ҚР-дағы білім алу құқықтары» деген сынып сағаттары, т.б.  
  • «Зиянды заттардан аулақ бол» тақырыбында ұлдармен жұмыс жетекшісінің   жиналысы.

           Мектепте ұлтаралық қатынастарда діни экстремизм мен терроризмнің қауіпті екендігін оқушылардың санасына сіңіру мақсатында   іс—шаралар  жоспары құрылып, аудандық дін басқармасының қызметкерлерімен онлайн жиналыс жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасында «Діни экстремизм мен терроризмге  қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013- 2017  жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша бекітілген жоспарға сәйкес  діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға  арналған іс-шаралар жоспарына   сай  мектепте ақпараттық - түсіндірме, ата-аналар мен оқушылар арасында алдын алу шараларын  насихаттайтын кеңестер,  жиналыстар жүргізілді:

  • 7-8 сынып оқушылары арасында «Дүние жүзі елдеріндегі және Қазақстандағы зкстремистік-террористік ұйымдар» атты  семинар, «Білім жүйесіндегі зайырлылық пен имандылық қағидаттары» тақырыбында профилактикалық әңгіме.
  •  «Имандылық отбасынан бастау алады» деген 8-11 сынып оқушыларына кеңестер .  
  • АӘД пәнінің мұғалімі Д.Мейрамгазин мектеп ұжымы мен оқушылар, ата-аналар арасында терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың өзін-өзі ұстануына арналған әдістемелік нұсқаулықпен   таныстыру.
  •  «Сен және заң?», «Діни экстремизм деген не?»тақырыптарында 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттары.
  •  Ай сайын ауылдық округінің әкімшілігі мен аудандық білім беру бөліміне өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтер беріліп отырды. Дінтану пәнінің мұғалімі  жоспарға сай сабақтарын жүргізді. Жұмыстың жүйелілігі оқушылардың мектеп формасын сақтап, басына хиджаб кию сияқты мәселелр туындамады.  


Үлгілік жақтары. Өз әрекеттерінде, іс-қимылдарында алған құқықтық білімін қолдана біледі және қоғамдық іске өз еркімен қатысып, құқықтық белсенділік көрсете біледі.

Жақсы жақтары. Жасөспірімдер басқалардың құқықтары мен міндеттерін құрметтеуге тәрбиеленеді.

Жақсартуды талап етуші жақтары. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін ұқтырып, жауапкершілігін арттыру

Төмен жақтары. Ұлдармен, жасөспірімдер құқығын қорғау қоғамдық инспекторы жұмыстың жан-жақты дамыған көлемде жүрмеуі

Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысы айына бір рет  өткізіліп тұрды. Оқушылар арасындағы қаңғыбастық пен құқықбұзушылықты ескерту және қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:

  • Жетім, әлеуметтік жағдайы  төмен, тәрбиесі «қиын» оқушылардың үйлеріне психолог, әлеуметтік - педагог, сынып жетекші, тәрбие орынбасары тарапынан рейдтер;
  • Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысы (айына бір рет);
  • Бопсалауды алдын алу мақсатында анонимді сауалнамалар (психолог);
  • Оқушыларды әр түрлі үйірмелер мен спорттық секцияларға тарту жұмыстары.


Тұжырымдар мен  ұсыныстар:
 1. Оқушыларда қоғам, еңбек ұжымы, жеке адам өмірінде құқықтық нормалардың атқарылатын рөлі туралы түсініктері қалыптасады.

2. Құқықтық тәрбие және білім беруді оқушылардың қолдану маңыздылығына, әлеуметтік бейімделуіне бағыттау.



Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.


      2021-2022 оқу жылының қыркүйек, қазан, наурыз, сәуір, мамыр айларында жылдағыдай оқушыларды еңбекке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу мақсатында мектеп айналасын тазалау жұмыстары жүргізіліп, ағаш отырғызу, гүл егу сенбіліктері ішінара өткізілді.  Бұл оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеп, еңбекке баулиды, қоршаған орта мен табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін дамытады.  Жалпы мектеп бойынша гүлдерді көбейту,  гүлдендіру бойынша  биология пәнінің  мұғалімдері мен лаборанттары жұмыс жүргізіп тұрады, ол  мектепте әсемдік орта қалыптастырып, оқушылардың қызығушылықтарын тудырады. 

Осы бағытта атқарылған іс-шаралар:

  • Ұстаздардың құрметіне арналған «Үздік гүл шоғы» байқауы мен видео - құттықтау ұйымдастырылып, барлық сыныптар мерекелік құттықтаулар мен жылы лебіздерін ұстаздар қауымына жолдады. Барлық құттықтаулар әлеуметтік желілерде жарияланып, таратылды .
  •       Оқушыларды еңбек - экономикаға баулу, экологияға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында   және  тәрбие   жұмысының    жылдық   циклограммасына     сәйкес        қазан айының  01.10 – 01.11.21 қарашааралығында еңбек,  экономика,   экология  айлығы   өтті. 1-4, 5-8  сыныптары арасында «Алтын күз»,  «Өз ағашыңды отырғыз »  «Отбасылық сенбіліктер» тақырыптарында  акциялар ұйымдастырылды.
  • Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «2020-2023 жылдарға арналған каникул кезеңіндегі балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» №1-өкіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалар арасында коронавирустық инфекцияның одан ары таралуына жол бермеу мақсатында оқушылардың каникул кезіндегі пайдалы және белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру жүйесін дамыту мен жетілдіруге бағыталған «Қазақстан балалары - күзгі интерактив!» күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында  іс шаралар өтті. 
  •      «Қазақстан балалары – күзгі интерактив» (05.11.21.-16.11.21) іс шаралар жоспарына сәйкес каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында және  шығармашылық, интеллектуалдық, зияткерлік бағытта түрлі іс шаралар ұйымдастырылып, мектеп оқушылары  белсенді қатысты.
  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының «Мектептер мен жоғары оқу орындарында экологиялық тәрбие беруді күшейту бойынша практикалық шараларды тұжырымдау» туралы 95-тармағын орындау мақсатында орта білім беру ұйымдарына арналған Экологиялық білім берудің жалпы республикалық апталығын өткізудің тұжырымдамасын (бұдан әрі – Экология апталығы) әзірлеген болатын. Өткізілген күні: 2022 жылғы 26-30 сәуір аралығында. Экология апталығының мақсаты – адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы негізгі идеяларды, экологиялық мәдениетті, салауатты өмір салтын және экологиялық проблемаларды түсіну негізінде жеке қасиеттер ретінде моральдық - экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.
  • Осы мақсатта Алғазы орта мектебінде «Біз болашаққа жауаптымыз!» ұранымен онкүндік жоспарланып,  өткізілді. Оқушылардың экологиялық мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өмірдің мәні мен экологиялық проблемаларды түсіну негізінде жеке қасиеттер ретінде моральдық және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында онкүндік тұжырымдамасына сәйкес жұмыстар жүргізілді.


  • Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мәселелеріне халықтың, жұртшылықтың мемлекеттік билік органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіпкерлердің назарын аударуға және оларға нақты практикалық көмек көрсетуге, халықты экологиялық ағартуға бағытталған мектеп оқушылары арасында «Қоршаған ортаны қорғау күні», «Құстар күні» т.б. акциялары мен шығармашылық байқаулар   өткізілді


  • Мамандық таңдау «Мамандықтың бәрі жақсы» сынып сағаты, «Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілесің», «Сенімділік кілті» сауалнама, «Мен таңдаған мамандық» атты пікірталас.
  •  «Төтенше табиғи апаттар қаупі» сесмологиялық дайындықтар.
  • 1 наурыз «Алғыс айту» күніне,  «Күз» балы, «Гүлдер жәрмеңкесі», 8 наурыз және Наурыз мерекесіне орай  өткен   іс-шаралар. 


Тұжырымдар мен  ұсыныстар:

1. Табиғат пен адам өмірінің бірлігін сезінетін, қоршаған табиғи ортаны аялай, сақтай білетін азаматты тәрбиелейді.

2. Нарықтық жағдайда өмір сүре, еңбек ете білетін, бәсекеге қабілетті, кәсіби даярланған тұлғаны қалыптастырады.



Үлгілік жақтары. Оқушы  мамандық таңдауға бейімделеді, баланың экономикалық   ойлауын  және     экологиялық   мәдениетін қалыптастырады.

Жақсы жақтары. Табиғатты пайдаланып, қоршаған ортаны , жан-жануарларды қорғайды.

Жақсартуды талап етуші жақтары.Үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту.

Төмен жақтары. Мамандыққа бағдарлау жұмыстары психологтар қызметі жағынан жақсартылсын.


Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру.


Мектептегі осы бағытқа байланысты дәстүрге айналған, қалыптасып өткізілген іс шаралар:

  •           07.09-21 – 07.10.21 аралығында жолда жүру ережесі  айлығы өтті. Мақсаты: оқушыларды жолда жүру  ережесімен  таныстыру , жол қауіпсіздігін  есте сақтауға , көшеде дұрыс жүруге, жол белгілерін жатқа білуге  үйрену және  жолда көлік апаттарынан  сақтандыру   мен оқушылар  өмірінің  қауіпсіздігін сақтау болып табылады.
  •   ЖЖЕ айлығының   жоспарына сәйкес  ашық сынып сағаттарын өткізгендер : 1 сынып жетекшісі М.М.Имангалиева, 2   сынып жетекшсі Оспанбекова Г, 3  сынып жетекшісі Кыдырманова Г,  4    сынып жетекшісі Накенова Г, 5 сынып жетекшісі Бахтаева Р, 6  сынып жетекшісі  Карабалинова Э.
  •         Бастауыш сынып жетекшілері  бастауыш сынып оқушыларын жол ережелері мен жол белгілерімен таныстырып, жолда жүру ережелерін бұзған жағдайда қандай апатты жағдайлардың болатындығын    түсіндірді, жол ережесін сақтау тәртібі туралы нұсқаулықтар таратты.
  • Құндылықтарға негізделген тәрбие тұжырымдамасының дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытының жоспарына сәйкес 2021 жылдың 16 қараша мен 16 желтоқсан аралығында жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған Қазақстан Республикасының үздіксіз білім берудегі тәрбие тұжырымдамасының негіздерін бекіту туралы 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығына сәйкес 8 –ші бағыт – дене тәрбиесі , салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен айлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, өтті.
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытының жоспарына сәйкес медбике Г.Байженова мектеп ұжымы мен кезекші бірінші сынып оқушыларына , ата –аналар арасында коронавирус ауруының алдын алу, білім бері ұйымында санитарлық талаптарды күшейту, сыныптарды үнемі желдету, дымқыл шүберекпен тазартып жуу, дезинфекциялық және жуғыш заттарды пайдалану, толық қауіпсіздік жағдайына арналған арнайы медициналық маскаларды тағып жүру туралы ұжыммен, оқушылармен әңгіме жүргізді.
  • Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытының жоспарына сәйкес тақырыптық сынып сағаттарын  өткізгендер: 1  сынып жетекшісі  Имангалиева М. «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз», 2 сынып жетекшісі Оспанбекова Г , 5   сынып жетекшсі Бахтаева Р «» тақырыбында сынып сағаттары өтті. 
  •         Ай бойы 9-10 сынып оқушылары арасында Дүниежүзілік ЖҚТБ күнінен арналған «Мен өмірді сүйемін...», «Болашағымыз есірткісіз...» ұранымен  ұйымдастырылған плакат байқауы өтті. сайысқа жоғарғы сынып оқушылары белсенді қатысып, салған плакаттары бойынша өз ойларын білдірді. 9 , 10    сыныптары қатысты.


  •  Сонымен қатар «Зиянды әдеттен аулақ бол!», «ас – адамның арқауы», «Дәрумендер – денсаулық кепілі» «ЖҚТБ- ғасыр індеті», тақырыбындағы сынып сағаттар;
  •  «ЖҚТБ – ғасыр зобалаңы» мектеп медбикесімен кездесу, «Тазалық-денсаулық кепілі» оқушылардың жеке бас гигиенасын тексеру;
  •  « Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» акциясы бойынша балалардың үйлеріндегі спортпен айналысуы туралы роликтер;
  • Түрлі спорттық мектептегі шахмат, шашки, тоғызқұмалақ,стол теннисі  секцияларына оқушылар қатысады.  

Тұжырымдар мен  ұсыныстар:

1. Салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелейді.

2.Салауатты өмір салтын ұстануға, дене дамуы және психологиялық денсаулықты сақтауға көмектеседі.


Үлгілік жақтары. Салауатты өмір салтын ұстануға– ынталандырады, жастардың дене және рухани күштерінің толық ашылуына қолайлы жағдай  жасайды.

Жақсы жақтары. Оқушылар бос уақытын дұрыс пайдалуға дағдыланады.

Жақсартуды талап етуші жақтары. Өз денсаулығын сақтау жолдарын білуі.

Төмен жақтары. Еңбекпен шұғылдану, спортпен , салауатты өмір салтын сақтауды дамыту


Рухани –адамгершілік және эстетикалық тәрбие.


 Өткізілуі дәстүрге айналған, қалыптасып, жоспар бойынша өткізілген іс-шаралар:

  • Сынып сағаттары:«Ақылшым, досым - ұстазым», «Ата-әжемді жақсы көремін», «Қарттарым – асыл қазынам», «Қыздарға әсемдік жарасады», «Киелі туған жер», т.б.

 «Жамбыл – 175 жаста» т.б. іс-шаралар.

  • Оқушыларға  «Қарттарым, аман – сау жүрші» деген қазақ халқының салтын дәріптеу, жақсы мен жаманды ажырата біліп, аталы сөзден ғибрат алуға, ата дәстүрін ардақтауға  үйрету, таным белсенділігі мен ізденімпаздық қабілеттерін, адами құндылықтарын дамыту мақсатында 1-7 сынып жетекшілері және оқушылар қарттар күніне арналған құттықтау хаттар таратылды. 

1. Оқушыларды эстетикалық және рухани тұрғыда тәрбиелейді.

      2. Жас ұрпақты адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркемөнердегі және табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре-білетін, бақылай алатын азамат етіп тәрбиелеуге  бағыттау.


Үлгілік жақтары. Мектеп, отбасы, ұжымдық әрекеттердің біртұтастығын қалыптастырады.  

Жақсы жақтары. Рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастырады

Жақсартуды талап етуші жақтары. Рухани күштерінің толық ашылуына қолайлы жағдай жасау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға тәрбиелеу

Төмен жақтары. Оқушылар мен мұғалімдер арасында олардың өзін-өзі дамуы мен зерттеушілік жұмысқа қабілеттілігін арттыру  үшін шығармашылық ахуал туғызу.


  • Құндылықтарға негізделген тәрбие тұжырымдамасының көп мәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие бағыты және отбасылық тәрбие жоспарына сәйкес және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 1-10 сынып оқушылары арасында мерекелік құттықтау ұйымдастырылды.  Мектеп оқушылары Ұстаз-аналарын халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ыстық лебіздерін жолдап,   қуаныш сыйлады.. 
  • 2022 жылдың 22 мамыр күні оқу жылының қорытындысы туралы ата-аналар жиналысы өтті. 

     Ай сайын ата-аналар комитетінің отырысы өткізіліп, тоқсан сайын қоғамдық ата-аналар тыңдалымдарына ата-аналар комитетінің мүшелері қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.  Әр сыныпта сынып жетекшілері жоспарлы түрде сынып сағаттарын және ата-аналар жиналыстарын өткізіп тұрды.  Жаңа жылдық шырша мерекесі, 1-наурыз,  8- наурыз, 22 –наурыз, 25 мамыр «Соңғы қоңырау» мерекелеріне орай өткізілген   іс-шараларға  ата-аналар   да белсенділік танытты.  Сонымен қатар мерекелік іс-шараларға, рейдтерге, акцияларға, жиналыстарға   қатысу арқылы мектеп пен ата-ана арасында ізгі қатынас орнатылған. 


Тұжырымдар мен  ұсыныстар:
 1. Ата-ана мен мектептің өзара байланысы артады.

2.Ата-аналардың балаларына тәрбие беруде жауапкершілікпен қарау.

3. Сабақтан себепсіз қалатын оқушылардың ата-анасымен жұмыс жүргізу.


Үлгілік жақтары. Оқушыларды инабаттылық пен парасаттылыққа, мейірімділікке баулиды. 

Жақсы жақтары. Ата-аналарын, үлкендерді құрметтеуге, кішіге ізет көрсетуге,ата-ана еңбегін бағалауға  тәрбиеленеді.

Жақсартуды талап етуші жақтары. Ата-аналарды жаппай оқыту, лекторийлерлер өткізу, бірлескен отбасылық               іс-шараларды көбейту

Төмен жақтары. Мемлекеттік емес ұйымдармен ынтымақтастықты арттыру


Ұлттық тәрбие      (Жүргізілген іс-шаралар)

  •            Оқушыларға ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлауды жаңа форматта ұйымдастыру туралы онкүндік тұжырымдамасына сәйкес және халқымыздың ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мен дәріптеу, салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды жаңғырту мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды. 
  •     Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыз мейрамын мерекелеу тұжырымдамасын әзірлеуді және көктемгі мерекенің мазмұнын байытуды тапсырған болатын. «Наурыз-думан» іс шаралар жоспарының мақсаты: Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру, оқушыларға ұлттық тәрбие бере отырып, рухани-адамгершілікке баулу, оқушылардың ұлтжандылық сезімдерін оята отырып, ұлттық салт-дәстүрлерге құрметпен қарап, Отанын, елін қадірлей білуге баулу.
  •             «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.  Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін қашықтан ұйымдастырылып, «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше екені бәрімізге белгілі.
  •              Тәрбие тұжырымдамасының жаңа Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық айлық жоспарына және рухани танымдық тәрбие жоспарына сәйкес   «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлт өкілдерінің балалары мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністерді   нұсқасында көрсетуде


«Атамұрам-асыл қазынам», ұлттық ойындар жарысы 5-6 сын. (тоғызқұмалақ, асық, шахмат т.б.)

  • Сынып сағаты: «Төрт түлік мал», «Наурыз – жыл басы», «Мың бір мақал», «Ұлттық валюта»1-11 сын.
  • Ұлттық ойындар  (ҚР-ның Тәуелсіздік күнін,Жамбылдың 175 жылдығына орай) 5-8 сын.
  •  «Қазақ аруы - 2021» сайысы онлайн;
  • «Жыр алыбы -Жамбыл», «Ақиық ақын –Мұқағали»;
  • «Қызға қырық үйден тию ...», «Әдемі әрі тез жасалатын шаш үлгісі» атты кеңестер;
  • «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша кітап оқуға қызықтыру барысында үлгі боларлық жұмыстар атқарды.

Мектептегі «Шебер қолдар» үйірмесінің ұлттық тәрбие беруде ықпалы зор. Ұлттық және әлемдік көркем мәдениетімен, өнер шығармаларымен танысу арқылы құндылық бағыттарын қалыптастырады. Сонымен қатар әр бір үйірмеде ұлттық мәдениетімізге байланысты білімдерін жетілдіріп, шығармашылық қабілеттерін дамытады. 


Тұжырымдар мен   ұсыныстар:

1. Оқушылардың ұлттық сезімдерін оятады.

2.Өз халқының мәдени мұрасын қастерлеуге баулу.


Үлгілік жақтары. Өскелең  ұрпақты асыл қазыналарымыз арқылы рухани жан дүниесін байыту.

Жақсы жақтары. Халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын, мәдениетін, өнерін  ұмытпауға үйрету.

Жақсартуды талап етуші жақтары. Халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай рухани мұрасымен жастардың бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастыру қажет.

Төмен жақтары. Ұрпақ бойында сенімділік, намысшылдық ,ұлттық мәдениетке деген қызығушылық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру бағытында жұмысты нығайту.


Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі  Өткізілген іс-шаралар:

  •          Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру мақсатында 2021 жылдың 16 қыркүйек пен 16 қазан аралығында зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру апталығы ұйымдастырылып   өтті. Жоспарға сәйкес Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында сынып жетекшілер тақырыптық сынып сағаттарын өткізді. 


  • Оқушылардың күзгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Қазақстан балалары – күзгі интерактив» жоспарына сәйкес іс шаралар жүргізілді. Мектеп оқушылары жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу бағытында «Менің Отаным - Қазақстан» сурет көрмесін, интеллектуалдық, зияткерлік шығармашылық бағыттарында «Шебер қолдар» қолөнер байқауына қатысты, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру  жоспарына сәйкес  «Оқуға тиіс 100 кітап», «Кітап әлеміне саяхат» тақырыптарында кітапханаға саяхат ұйымдастырды. 
  •       Сонымен қатар жас оқырманның назарын жаңа кітапқа аудару, оған рухани қазына қақпасының кілтін ұстату мақсатында ұйымдастырылған «Бір ел-бір кітап - 2021» акциясы бойынша кітап оқу эстафетасын ұйымдастырылды.  Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына жоспарланған іс шаралар бойынша қазақ топырағынан шыққан ұлы данышпан  туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Тұжырымдар мен  ұсыныстар:
  1. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін арттырады.

 2. Зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, ақпараттық коммуникативтік  қабілеттілікті меңгерту.


Үлгілік жақтары. Өмір бойы білім алуына ықпал етеді

Жақсы жақтары. Жоғары ақпараттық мәдениет қалыптасуға ұмтылу және қызығушылық білдіреді, интернет- сауаттылықты қалыптастырады

Жақсартуды талап етуші жақтары.Ақпарат  дереккөздерін таңдау және талдау жасау, өздігімен іздестіру жолдары мен тәсілдеріне көңіл бөлу

Төмен жақтарыПікірталас жүргізу дағдыларын жетілдіру, ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларды сақтау


Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Оқушылардыңқоғамдағы жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту мақсатында мектепте өткізілген іс-шаралар:

  • Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту, ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу, Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту мақсатында «Үш тұғырлы тіл  - жарқын болашақтың кепілі » атты тілдер мерекесіне арналған іс шаралар 10.09.-30.09.21. аралығында өтті.
  •  Тәрбие тұжырымдамасының  көп мәдениетті және көркем-эстетикалық бағыты мен оқушылардың зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу бағытының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес   «Ұстаз – ұлы тұлға!» тақырыбында  ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар өтті. 
  • ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» тақырыбында іс шаралар жоспарланып, жоғары дәрежеде өтті.


  • «Қыздар»  клубтарының жұмысы; «Ұлдар» клубының жұмысы; Өзін-өзі басқару ұйымы жұмысы; оқушыларға  көркем-эстетикалық тәрбие беруде «Жас суретші», «Шебер қолдар т.б. үйірмелердің мәні зор. «Алғыс айту» күніне орай мектеп мерекеге сай безендіріліп,  алғыс айту бұрышы жасалынды. Зейнеткер ұстаздарға қошамет көрсетілді. 

Тұжырымдар мен  ұсыныстар:


  1. Тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құрады, қоғамдағы жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.
  2. Өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.



Үлгілік жақтары. Оқушының қоғамдағы жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады,жан-жақты етеді.

Жақсы жақтары. Қарым- қатынас мәдениетін арттырады.

Жақсартуды талап етуші жақтары.Көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бейімдеу, белсенділікке баулу.

Төмен жақтары.  Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін дамыту .


Үйірмелердің жұмысы: Оқушыларға эстетикалық тәрбие берумен қатар, өнерге баулу,  өзін-өзі дамыту, жеке қасиеттерін қалыптастыру,  салауаттылыққа үйрету, патриоттық, құқықтық, адамгершілік, еңбек, кәсіби-шығармашылық, экологиялық тәрбие беруде үйірме жұмыстарының ықпалы зор. 


Тұжырымдар мен   ұсыныстар:

1.Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын құруға тәрбиелейді.                   

2.Эстетикалық тәрбие берумен қатар, өнерге баулу,   өзін-өзі дамыту, жеке қасиеттерін қалыптастыру.

Үлгілік жақтары.Оқушылардың  бос уақытын тиімді ұйымдастыруды және салауатты өмір салтын ұстануға үйретеді

Жақсы жақтары. Денсаулығын нығайтады, қарым- қатынас мәдениетін арттырады.

Жақсартуды талап етуші жақтары. Балалармен щығармашылыққа, өз бетінше ізденуге баулу.

Төмен жақтары. Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескеру.


Тәрбие жұмысының SWOT  талдауы 

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мүмкіндік

Қауіп 


Мектептің тәрбие қызметі үш салада жүзеге асады: оқыту барысында, сабақтан тыс, мектептен тыс қызметте.

Бастауыш сынып  ата-аналарының тәрбие үдерісіне белсенді қатысуы.


Сыныптардың ұжымдық, ұйымдастырушылық қабілеттері.

Оқушылардың белсенділігінің төмендігі.


Дарынды оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту.

Өзін-өзі таныту, дамыту  үшін қолайлы жағдай туғызу.

Сынып жетекшілердің кәсіби құзыреттілігінің арттыру.

Ата-аналар тарапынан қолдау.

Ата-аналардың мектеппен байланысының әлсіздігі.  



2022-2023 оқу жылы

Мақсаты : жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан—жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.Өзін-өзі дамыту,оқушылардың жеке басының өзін-өзі анықтауы,олардың қоғамдағы сәтті әлеуметтенуі үшін жағдай жасау.

Міндеттері:

1. азаматтыққа және патриотизмге,өз Отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке ,мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,халық дәстүрлерін қастерлеуге,Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзуге тәрбиелеу.

2. оқушылардың оқу іс-әрекетіне тұрақты ынтасын дамыту,білім беру мен өз бетінше білім алудың өмір мен қызмет үшін маңыздылығын ұғыну.

3. тұлғаның шығармашылық,рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту,адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру,даралықты,сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты,проблемаларды өз бетінше шешу қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту.                                                                                                          .

4.елдің қоғамдық -саяси,экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін,жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру.

5.тұлғаның экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға саналы көзқараспен ,табиғатты сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымды,экологиялық сауаттылық пен мәдениетті дамыту.

6. әлеуметтік маңызы бар балалар,отбасы және ата -аналар   бастамаларын,балалар қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау.

7.балаларды тәрбиелеуде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін арттыру,сондай-ақ дене шынықтыру және спорт,мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру.

8.балаларды тәрбиелеу саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру.

9.балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.


Биылғы оқу жылында 1-10 сыныптар аралығында  10 сынып комплектісі  және сынып жетекшілер бірлестігінің құрамында 10 сынып жетекші бекітілген.  Оның ішінде 10 қазақ сыныптары.  Жыл басында   сынып жетекшілердің ӘБ-нің жоспары құрылып, 2022-2023 оқу жылына арналған мектептің тәрбие қызметінің басым бағыттары  бойынша жұмыс атқарылды. Сынып жетекшілердің жылдық жоспары  және жұмыс циклограммасы  оқушылардың жас ерекшелігіне сай құрылып, бекітілді.   Әр аптаның дүйсенбі күндері  жоспарлы түрде сынып сағаттары өткізіліп тұрды.

Жоспар бойынша сынып сағаттарына талдау жүргізіліп, жас сынып жетекшілерге әдістемелік көмек көрсетіліп тұрды. Биылғы оқу жылындағы жас сынып жетекшілерге тәлімгерлер тағайындалып, жыл бойы әдістемелік көмек көрсетіліп тұрды. Тоқсан сайын сынып жинақ папкалары тексеріліп, ескертулер жасалынды. Әр сыныпта сынып ережелері жасалынып, сынып белсенділері тағайындалды, олар мектептің қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде тартылып, сынып сағаты сайын өткізілетін мектеп жиынында талқыланды. Тоқсанына бір рет  сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізіліп, өткізілген ашық тәрбие сағаттары мен жауапты іс-шараларының өтілу сапасына   талдау жасалынды, ұсыныстар айтылды.   

          Алғазы орта мектебінің  тәрбие жұмысының айлық циклограммасы жоспарына сәйкес сынып жетекшілердің бірлестігінде жоспарланған  8 тәрбие сағаттары өткізілді.                          2022-2023 жаңа оқу жылын ұйымдасқан түрде бастауына арналған 1-қыркүйек Білім күнін және «Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары болып өтті.

Жоспарға сай тоқсан сайын ата-аналар жиналыстары өткізіліп,   көпбалалы, аз қамтылған,   толық емес отбасы балаларының үйлеріне рейдтер жасалынып, тұрмыстық жағдайлары тексеріліп, жұмыс жүргізілді.  

Тұжырымдар мен  ұсыныстар:

1. Сынып жетекшісінің үйлестіру қызметі тәрбие жұмысын педагогикалық ұжымның басқа мүшелерімен және ең алдымен осы сыныппен   жұмыс жасайтын педагогтармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқарады. 

        2. Бақылау және түзету қызметі тәрбие жүйесінің үнемі дамуын қамтамасыз ету, ықпал

            жасау. 

        3. Жас сынып жетекшілерге әдістемелік көмек ұйымдастыру.

Үлгілік жақтары. Оқушыларды  оқыту мен тәрбиелеуін ұйымдастырды.

Жақсы жақтары.  Озық педагогикалық  іс-тәжірибе жинақталды.

Жақсартуды талап етуші жақтары. Сынып  жетекшілері өз жұмысында педагогикалық тәжірибені, білім беру мен тәрбиенің тұтастығын, оқыту жүйесінде дәстүрлі көзқарастарды сақтай отырып оқытудың жаңа формалары мен әдістерін енгізуді талап етеді. 

Төмен жақтары.  Сыныпта жұмыс істейтін пән мұғалімдерімен және ата-аналармен тығыз қарым –қатынас жетіспейді.

Барлық сыныптардың тәрбиелік деңгейі жоспарға сай тексеріліп, мониторингі жасалды.

І - бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Мақсаты: Отанға ұтымды және эмоционалды қарым -қатынасы ,мемлекет пен қоғамның саяси құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұратын ,балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын заңдарын меңгеру және сақтау қажеттілігі бар патриот пен азаматты  қалыптастыру.   

       Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне  - 30 жыл толуына орай педагог-ұйымдастырушының  «Қазақстан Республикасының рәміздері -ұлттық мақтаныш»   дөңгелек үстел, «Менің елім -Мәңгілік Ел» ұранымен ҚР Тәуелсіздік күні  «Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым» сынып сағаттары, «Менің тағдырым ,менің Қазақстаным» ,«Кемел келешекке Жас ұланмен» тақырыбында салтанатты жиын, 1сынып және 5 сынып оқушыларын «Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.


2-бағыт  РУХАНИ -АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ

Мақсаты : тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен ,нормалары мен дәстүрлерімен келісетін рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын,оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы «Рухани жаңғыру» құндылықтары негіздерінің ,оның ішінде   «Құндылықтарға негізделген білім беру», «Қоғамға қызмет» жобаларын іске асыру арқылы терең түсінігін қалыптастыру.

Оқушыларға рухани адамгершілік тәрбие беру, оқушылардың бойында әлеуметтік мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру, оқушыларды кішіпейілдікке, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге, иманды, инабатты болуға баули отырып, мектеп кітапханашысы «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында мектеп мұғалімдері,оқушылар мен олардың ата -аналары,мектеп жұмысшыларымен 20 минуттық кітап оқу ұйымдастырылды,сонымен қатар «Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150жыл » сурет -кітап көрмесі, «Туған жер -тұнған шежіре» кітап көрмесі,балалар жылына орай «Бақытты балалық шақ» сурет байқауы 5-8 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды

3- бағыт Ұлттық тәрбие

Мақсаты : жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға ,ана тілі жәәне мемлекеттік тілге ,қазақ халқының мәдениетіне,Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсетуге бағыттау.Тіл мамандарының ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылар арасында 5 қыркүйек Қазақстан Республикасы халқының тілдер күні мерекесіне орай «Мәңгілік ел-Мәңгілік тіл» атты тіл мерекесінің апталығы,педагог-ұйымдастырушының 8-10 сынып оқушыларымен  5 қыркүйек А.Байтұрсыновтың туғанына 150жыл слайд-таныстырылым,бастауыш сынып оқушылары арасында 17 қыркүйек күні  «Өнер алды -қызыл тіл» атты мәнерлеп оқу ,тілдер күніне орай  5-7 сынып оқушылар арасында А.Байтұрсыновтың өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды.Мұхтар Әуезовтың -125 жыл әдеби вернисаж 8-10 сынып оқушылары арасында 28.09 күні,Ескелді би Жылгелдіұлының 330 жылдығына орай «Ескелд3 би -даналықтың дариясы» 5-7 сынып оқушылар арасында сынып сағаттары болып өтті.

4-бағыт Отбасылық тәрбие

Мақсаты :ата-аналарға білім беру,олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру.

•                    Тәрбие жұмысының жылдық жоспарына және тәрбие циклограммасының отбасы тәрбие бағыты бойынша 1-10 сынып жетекшілер отбасы күніне орай  іс-шаралар  жоспарына сәйкес  сынып сағаттарын ұйымдастырып өткізсе, 1-4 сынып оқушылары арасында «Отбасым -алтын бесігім» тақырыбында сурет байқауы, 5-8 сынып оқушылары арасында  «Менің өмірімдегі отбасы» тақырыбында үздік эссе байқауы ұйымдастырылды. 

 5-бағыт Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру,экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту.

      2022-2023 оқу жылының қыркүйек, қазан айларында жылдағыдай оқушыларды еңбекке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу мақсатында мектеп айналасын тазалау жұмыстары жүргізіліп, ағаш отырғызу, гүл егу сенбіліктері ішінара өткізілді.  Бұл оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеп, еңбекке баулиды, қоршаған орта мен табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін дамытады.   Жалпы мектеп бойынша гүлдерді көбейту,   гүлдендіру бойынша  биология пәнінің  мұғалімі жұмыс жүргізіп тұрады, ол  мектепте әсемдік орта қалыптастырып, оқушылардың қызығушылықтарын тудырады. 

Осы бағытта атқарылған іс-шаралар: 1-10 сынып білі алушылары үшін экологиялық сынып сағаттары ай сайын, 5-7 сынып оқушылары арасында 7 қыркүйек күні  «Күзгі соқпақ» атты күзгі мереке,8-10 сынып «Күзгі калейдоскоп», «Күз тамшысы» атты күзгі балл мектепалды даярлық сыныбында және бастауыш сыныптарда ұйымдастырылды.



6-бағыт Интеллектуалды тәрбие,ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу

  Мақсаты : әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін,көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын,сондай-ақ ақпараттық ,оның ішінде балалардың кибермәдениеті мен кибергигиенасы бойынша мәдениетті дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.    

         Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру мақсатында 2022 жылдың  қыркүйек айында Абайлаңыз балалар ! жолда жүру ережесі бойынша айлық ,оқушылардың күзгі каникул күндері кітапханада ашық есік күндері  «Кітаптар әлемі» , «Менің сүйікті кітабым» «Оқы өкінбейсің!!!» бейнеролик байқауы 5-7 сынып оқушылар арасында ұйымдастырылды.

7-бағыт. Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие   Мақсаты :Жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру,жеке тұлғаның өнер мен шынайлыққа эстетикалық обьектілерді қабылдауға,меңгеруге,бағалауға дайындығын дамыту,оның ішінде «Ұшқыр ой алаңы» мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы,жалпыұлттық   мәдени-білім беру жобасын іске асыру арқылы білім беру ұйымдарында полимәдени орта құру.


         Тәрбие тұжырымдамасының көп мәдениетті көркем эстетикалық тәрбие бағытының айлық жоспарына сәйкес педагог-ұйымдастырушы қазан айының 2 і күні мұғалімдер мерекесіне орай «Ұстазым -ұлағатым,үлгі өнегем!» , «Ұстаз ұлы есім» ұстаздар күніне арналған құттықтаулар, «Маған бәрі бір емес ,саған ше ?» атты сурет байқауы 1-7 сынып оқушылары арасында, «Сәлем жаңа жыл!» , «Жаңа жыл сиқыры» ертеңгілік ұйымдастырылды.

8-бағыт. Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты

Мақсаты : Салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру,дене және психологиялық денсаулықты сақтау,денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтауды білу үшін кеңістік құру.


Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытының жоспарына сәйкес медбике Г.Байженова   сынып оқушыларына мектепте  санитарлық талаптарды қатаң сақтау,, сыныптарды үнемі желдету, дымқыл шүберекпен тазартып жуу, дезинфекциялық және жуғыш заттарды пайдалану мақсатында Вирустық   А гепатиті немесе лас қол ауруының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


      Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытының жоспарына сәйкес тақырыптық сынып сағаттарын  өткізгендер: 3  сынып жетекшісі  Имангалиева М. «Өмір сүруді біл » тақырыбында сынып сағаттары өтті, «Мәңгілік ел -ол жалынды жастарым» ұранымен ЖИТС,нашақорлық,шылум шегудің алдын алу айлығы ,салауатты өмір салтын ұстанайық «Әкем,Анам,Мен -спорттық жанұя» бейнеролик ,22 қараша күні Ең үлкен байлық денсаулық  ақпараттық көрме ұйымдастырылды.


МЫҚТЫ

1.     Тәрбие жұмысының сегіз бағыты бойынша үздіксіз өткізілген тәрбие сынып сағаттары

2.     Ата-анамен тығыз байланыс

3.     Мектепішілік іс-шараларға белсене қатысуы және нәтижесі

ӘЛСІЗ

1.Мектеп оқушыларын жоғары деңгейдегі байқауларға қатыстыра алмауы

2.Кейбір оқушылардың іс-шараларға,сабаққа қызығушылығының төмендігі.

МҮМКІНДІК

1.     Әр түрлі     байқауларға оқушыларды қатыстыру

2.     Сынып оқушыларын     үйірмелерге тарту

3.     Сынып жетекшілер бір-бірімен тәжірибе алмасып отыру

КЕДЕРГІ

1.Оқушылардың кітап оқымауы

2.Қосымша сабаққа қатыспауы.




 2020-2021 оқу жылында вариативті компонентке  төмендегі курстар енгізілді:

Сыныбы

Вариативті компонент

Тақырыбы

1

Жеке топтық

Көркем жазу

1

Жеке топтық

Логика

2

Жеке топтық

Тіл дамыту

2

Таңдау курсы

Қызықты грамматика

3

Таңдау курсы

Көркем жазу

3

Жеке топтық

Елтану 

3

Жеке топтық

Қызықты математика

4

Таңдау курсы

Қызықты математика

4

Жеке топтық

Қызықты математика

5

Фак, таңдау сабақтары

Ирформатика

5

Жеке топтық

Спорт

5

Фак, таңдау сабақтары

Сәндік өнер

6

Фак, таңдау сабақтары

Информатика 

6

Фак, таңдау сабақтары

Сәндік өнер 

      6

Фак, таңдау сабақтары

Абайтану

      6

Жеке топтық

Спорт

7

Фак, таңдау сабақтары

Экология

7

Жеке топтық

Шебер қолдар

8

Фак, таңдау сабақтары

Сәндік өнер 

8

Жеке топтық

Спорт

8

Фак, таңдау сабақтары

Робототехника

9

Фак, таңдау сабақтары

Сәндік өнер 

9

Фак, таңдау сабақтары

Зайырлық және дінтану негіздері

9

Жеке топтық

Спорт 

11

Қолданбалы курс

Абай тану

11

Қолданбалы курс

Тіл мәдениеті

11

Қолданбалы курс

Математика 

11

Қолданбалы курс

Құқықтану

11

Қолданбалы курс

Құқықтану 

11

Қолданбалы курс

Тіл мәдениеті

11

Қолданбалы курс

Алаштану

2021-2022 оқу жылында вариативті компонент есебінен  төмендегі курстар енгізілді:

Сыныбы

Вариативті компонент

Тақырыбы

       2

Жеке топтық сабақтар

Көркем жазу

3

Жеке топтық сабақтар

Көркем жазу

4

Жеке топтық сабақтар

Көркем жазу

5

Таңдау, факультатив.

Парасаттылық,әдеп

5

Таңдау, факультатив

Информатика әлемі

      6

Таңдау, факультатив

Информатика әлемі

      6

Таңдау, факультатив

Экология

7

Таңдау, факультатив

Өлкетану

7

Таңдау, факультатив

                                                       Қол өнер

8

Таңдау, факультатив

Қол өнер

8

Таңдау, факультатив

Информатик

9

Таңдау, факультатив

Зайырлық және дінтану негіздері

9

Таңдау, факультатив

Абайтану

2022-2023 оқу жылында вариативті компонент есебінен  төмендегі курстар енгізілді:

Сыныбы

Вариативті компонент

Тақырыбы

1

 жеке және топтық сабақтар

Қызықты математика

2

 жеке және топтық сабақтар

Қызықты математика

3

жеке және топтық сабақтар

Қызықты математика

4

жеке және топтық сабақтар

Қызықты математика

5

Элективті курстар

Жаһандық тқұзреттілік

6

Элективті курстар

Жаһандық тқұзреттілік

7

Элективті курстар

Жаһандық тқұзреттілік

8

Элективті курстар

Жаһандық тқұзреттілік  

9

Элективті курстар

Жаһандық тқұзреттілік 

10

Элективті курстар

Жаһандық тқұзреттілік

10

Мектеп компоненті

Тарих әлемі

10

Оқушы компоненті

                                                    Алаштану

10

Оқушы компоненті

Абайтану 

10

Оқушы компоненті

Тіл мәдениеті

9-сыныпта үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Зайырлылық 

 және дінтану негіздері» факультативтік курсын міндетті түрде оқыту үшін аптасына 

1 сағат, оқу жылында 36 сағат бөлінді. Бұл курсты ҚР Білім және ғылым министрінің

15 шілде 2014 жылғы №281 бұйрығымен бекіткен үлгілік оқу бағдарламасы бойынша

жүргізілді.

- ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен

бекітілген оқу бағдарламасы бойынша «Абайтану» (10-11 сыныптарда) таңдау курсы

оқытылды.

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің   «Алғазы орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 – 2023 оқу жылы  бойынша


Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекен жайы

Медициналық қызметке берілген         лицензия туралы мәлімет (нөмірі)

Медициналық қызметкер

1

2

3

Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Қызылбалық ауылдық округі, Қарақұм ауылы, Ы. Алтынсарин. көшесі, 4

       15.02.2016 ж. № 16002867 қоса берілген тізімге сәйкес медициналық қызметпен айналысуға         

       мемлекеттік лицензия.




 Медбике Байженова Гүлшат Аманбековна, сертификат №KZ22YBM01953610 от 06. 01. 2023ж

       






«Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі  «Алғазы орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалауға арналған өлшемшарттар


№ р/с

Бағыттар және бағалау өлшемшарттары

Баға

Өлшеуіштер
 (толық жиынтықталған білім беру ұйымдары үшін)

1

Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

1.1

Бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шеберлердің үлесі

жақсы

25%

Педагог-сарапшы -1

Жалпы 4-мұғалім


1.2

Негізгі орта, жалпы орта білім беру педагогтерінің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шеберлердің үлесі

өте жақсы

39 %


педагог-сарапшы-1

жоғары-5

І санат-1

Жалпы мұғалім 18
 
 




«Жетісу  облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Алғазы орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бағалау парағы


№ р/с

Бағыттар мен бағалау өлшемшарттарының атауы

Баға

1


 Мектепалды жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналарының (заңды өкілдерінің) сауалнама 
нәтижесі

"өте жақсы"

2

Орта бастауыш, негізгі ортажәне жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары үшін сауалнама нәтижесі 4-сынып

"өте жақсы"

3

Орта бастауыш, негізгі ортажәне жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары үшін сауалнама нәтижесі 9-сынып

"өте жақсы"

4

Орта бастауыш, негізгі ортажәне жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушыларының ата-аналары  үшін сауалнама нәтижесі 4-сынып

"өте жақсы"

5

Орта бастауыш, негізгі ортажәне жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушыларының ата-аналары  үшін сауалнама нәтижесі 4-сынып

"өте жақсы"

6

Орта бастауыш, негізгі ортажәне жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтары үшін сауалнама нәтижесі 

"өте жақсы"

7

4, 9,  сынып оқушыларының компьютерлік тестілеу нәтижесі

"қанағаттанарлық"

       

Мектеп директоры:                       Мусаханов Мурат 

Комиссия мүшелері:                     Бегатаева Ардақ 

                                                        Алиманова Айна 

                                                         Какимбаева Алтынай 

                                                         Имангалиева Марал 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив