Мектеп тарихы » Алғазы орта мектебі
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Алғазы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2023

Мектеп тарихы


Мектептің қысқаша тарихы.

       «Ауыл мектебі – ұлттық білім беру жүйесінің іргетасы, қазақ елдігінің мәселесі».  Алғазы орта мектебі алғаш рет 1935 жылы Алғазы аралында жетіжылдық мектеп болып құрылды. 1957 жылы Алғазы балық зауытының Қарақұм елді мекеніне көшіріліп, сегізжылдық  мектеп салынды. Мектеп

№ 41 сегізжылдық мектеп деп аталды. 1970 жылы Алғазы балық зауытының директоры, Жоғары Кеңес   депутаты Майтанов Қауасқан Майтанұлының басқаруымен, оқушылар санының өсуіне байланысты қазіргі заман талабына сай екі қабатты типті орта мектеп салынды. Мектеп 1973-74 оқу жылында пайдалануға беріліп, Алғазы орта мектебі деп аталды. 

        Бүгінгі таңда мектебімізді бітіріп шыққан азаматтар еліміздің түпкір – түпкірінде ел игілігі үшін еңбек етуде. Ұстаз еңбегінің нәтижесі - оқушы білімі. Мектебімізді әр жылдары бітірген оқушылардан үздік аттестатқа

 6 оқушы - Қасымбекова Айжан, Мейрамғазина Динара – 1994 жыл, Асылбекова Гүлмира – 1998 жыл, Мұсаханова Мөлдір – 2006 жыл, Жетпісбаева Сағыныш – 2007 жылы, 2018 жылы Медет Балжан мектепті үздік аттестатқа бітірді, ал үздік куәлікке 16 оқушы – Бақтаева Маржан, Мұсаханов Азамат, Нысанқұлова Айнұр, – 2001жыл, Пушанова Жанна – 2003 жыл, Жетпісбаева Алтынай – 2007 жыл, Арланова Ақерке, Саттібай Мадина – 2010 жыл, Мұсаханов Атамұра, Жетпісбаева Айзере – 2012 жыл, Айдарбекова Рауана – 2013  жыл, Құмарова ГауҺар – 2014 жыл, Қараталова Зарина, Қалықбергенова Асем, Медетова Балжан, Сламғалиева Жұлдызай – 2016 жыл, Арлан Ардақ – 2017 жылы, Жағыпар Ажар мен Алпысбаева Аруна 2019 жылы, Мухамедиар Болат 2020 жылы,Ешмағанбет Сымбат, Рымжан Ақбота -2021 жылы бітіріп шықты.                    

   2021 жылы мектебімізде тұңғыш рет 2-оқушымыз Жағыпар Ажар мен Алпысбаева Аруна АЛТЫН БЕЛГІ иегері атанып ҰБТ-дан жоғары балл алып еліміздің таңдаулы жоғары оқу орнының грант иегерлері атанды.  Мектебіміздің 2018 жылғы тұлегі Мусаханов Атамура БОЛАШАҚ бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында магистратурадаоқып жатыр. 

Мектеп тарихында оқушыларды білім нәрімен сусындатуда өздерінің қажырлы еңбектерімен, саналы ғұмырын бала тәрбиелеуге арнаған ұлағатты ұстаздар көптеп саналады. Олар: Жамбетов Бөлеужан, Көшербаев Мақсұт, Баймұханова Күләш, Битөлеуова Тілеужамал, Мұсатаева Аққайша, Нұрқайланов Қилыбай, Сыдықова Панаркүл, Қарабаев Төкен, Балабөрінова Светлана,  Сайлыбаева Гүлбаран тағы басқалар.

       Мектебімізді әр жылдары басқарған, білікті басшы бола білген тұлғалар, яғни  әр жылдардағы мектеп директорлары:

1957-1963 ж.ж. – Төлеков Төлеутай

1963-1969 ж.ж. – Өмірбеков Қ.

1969-1980 ж.ж. – Нұрсағиев Байділдә

1980-1985 ж.ж. – Шаймұханов Тілеукен

1985-2014 ж.ж.– Балаборинова Роза Арланқызы

2014 жылдан бастап  Мұсаханов Мұрат Мұсаханұлы

Похожие публикации:

01 март 2023 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив