12
октябрь
2023
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушілері. «Күз тамылары» атты ертеңгілігі
Жүргізуші: (үлкен әдемі кітапты шығарып, парақтайды).
Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын.
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Үйілген мая-мая қызыл бидай.
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылыс берген сыйдай.
Жүргізуші: Ой, мынау не? Балалар, сендер шуды естідіңдер ме... Т-с-с!
Жүргізуші: Міне, тағы да шуылдап жатыр! Ал, ендеше күзгі орманда не болып жатқанын көрейік.
Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз.
Аю:
Мен Аюмын қорбанбай,
Қимылдаймын қорбаңдай.
Омартаны көргенде,
Бас қоямын ойланбай. (Есінейді)
(Музыканың сүйемелдеуімен арқасына күз жапырақтарын салып алған Кірпі шығады).
Кірпі:
Мен кірпімін, кірпімін,
Көрінбей тұр кірпігім.
Балаларға ұнайды,
Жүретініп түртіліп. (Есінейді)
Достарым, жүріндер ұйықтайықшы!
Жүргізуші:
Эй, жануарлар, тоқтаңдар!
Балаларға қараңдар.
Аю: Ой, орманда кімдер жүр?
Бақдәулет: Бұл біз - балалармыз.
Көркем: Сәлеметсіңдер ме, жануарлар!
(Жануарларға қол бұлғайды).
Қоян: Сәлем, сәлем, балалар! Сендер біздің күзгі орманға не үшін келдіңдер?
Жүргізуші: Біз күз туралы ертегі шығарып, оны сиқырлы кітапқа азып алуды ұйғардық. (Жануарларға кітапты көрсетеді). Сендер туралы да жазамыз: не көрдіңдер, не естідіңдер, жәнеде әдемі суреттер саламыз!
Кірпі: Керемет! Яғни ол кітапта біз туралы да жазылады ғой? Алақай! Алақай! (Қол шапалақтап, музыканың сүйемелдеуімен көңілді билейді).
Аю: Ал сендер күзді таба аласыңдар ма? Орман үлкен ғой!
Жансерік: Табамыз!
Кірпі: Онда күте тұрыңдар! (Жануарлар шеңберге жиналып бірнәрсені сыбырлап талқылайды). Балалар, күзге біздің сыйлығымызды жеткізіңіздерші.
Аю: Міне күзге бір бөшке бал!
Қоян: Ал Қояннан - сәбіз!
Кірпі: Кірпі де артта қалмады,
Күзге саңырауқұлақ жинады.
(Жүргізуші ортаға себетті қояды, жануарлар оның ішіне сыйлықтарын салады).
Жүргізуші: Рақмет, сыйлықтарыңа, орман жануарлары! Оны біз міндетті түрде Күзге береміз.
Қоян мен Аю: Жарайды, балалар, орманға баратаын уақыт болды. Сау болыңдар, балақайлар!
Кірпі: Балалар, сендер маған ұнап қалдыңдар, мен сендердің жандарыңда қалсам болады ма? Сендермен бірге ойнағым келіп тұрғаны!
Бақдәулет
Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көк егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
Мұса:
Көктемде егін егетін
Күзде жиып теретін
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Ел егінді жинайды
Қырманға дән симайды
Жансерік:
Берекесін силауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Амина:
Күз келді, алақай
Алтын келді далаға
Дәні бітік бидайды
Құйып жатыр қамбаға
Көркем:
Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік ойнайық
Нұрдәулет:
Алтын сары қызыл көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Бекасыл:
-Балалар қазір қай мезгіл?
-Бұл мезгілде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар күзгі орманда мынандай әдемі, әртүрлі жапырақтар көп, қараңдаршы! Керемет! Ендеше олармен бірге ойын ойнайық!
"Жапырақ қай ағаштікі?"
Еденге екі түрлі ағаштар шашылады, 2 ағашың мүсіні қойылады. Балалар 2 топқа бөлінеді. Әр қоманда белгі бойынша өз ағашына барлық жапырақтарды жинап, олармен бұтақты безендіруі тиіс. Мұны жылдам, әрі әдемі орындаған команда жеңіске жетеді.
Кірпі: Біздің сыныптың балалары қандай керемет! Сендермен достасқаныма қуаныштымын!
Жүргізуші: Кірпі, біздің балаларымыз ән айтқанды жақсы көреді. Олардың әнді қандай керемет орындайтынын қарашы.
Ән: "Күзгі вальс"
Кірпі: Неткен әдемі! Балалар, сендерге әндерің, ойындарың үшін рақмет. Маған сендермен өте қызықты болды. Ендеше сендер ойындарыңды және көңіл көтерулеріңді жалғастыра беріңдер, ал мен орманға, достарыма қайтатын уақытым жетті. Сау болыңдар, балалар!
(Қатты музыка ойнайды. Залға Жауын-шашын апай кіреді)
Жауын-шашын апай: Апчхи!Апчхи! Бұл кім? Орманға мұндай керемет қайдан келді? Жылдам жауап беріңдер, әйтпесе бәріңді жаңбырдың астына қалдырып, желмен ұшырамын!
Бекасыл: Біз даярлықтан келген балалармыз.
Жауын-шашын апай: Мен Жауын-шашын апаймын. Күзгі уақыт менің сүйікті мезгілім: дымқыдық, батпақ. Апчхи! Мен осының бәрін ұнатамын. Ал ән мен күлкіні жек көремін. Сондықтан мына жерден тезірек кетіңдер!
Жүргізуші: Жауын-шашын апай, неге сонша айғайлайсың? Қарашы, күзгі орманға қандай керемет балалар келді. Біз осы жыл мезгілі туралы ертегі жазғымыз келеді. Сен туралы да міндетті түрде жазамыз. Рас қой, балалар?
(балалардың жауабы).Би: "Көңілді саңырауқұлақтар"
Жауын-шашын апай: Жарайсыңдар, балалар, көңілімді көтердіңдер. Мен көп отырып қалдым, менің де сендермен бірге көңіл көтергім келеді. Қане, тезірек тұрып, керемет би билейік.
Ән "Үкілі әуен"
Жүргізуші: Жауын-шашын апай, енді сен бізді күзге жібересің бе?
Жауын-шашын апай: Мен мұндай керемет балалардың жолына қалай бөгет боламын? Мен сендерге сиқырлы себет сыйлаймын.
Енді орындарыңа отырыңдар, ал мен сиқырлаймын.
(Сиқырлы баяу музыка ойнайды. Жауын-шашын апай музыкамен "сиқырлайды").
Жаңғырсын баулар бір,
Жау, жаңбыр, жау жаңбыр!
Төгілсін таудан нұр,
Жау жаңбыр, жау жаңбыр!
(Қолын бұлғайды да залдан шығып кетеді. "Аве Мария" фонограммасы ойнайды. Залға Күз ханшайымы кіреді).
Күз:
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көк егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Күз:
Мен өзімнің ормандағы үйшігімде сендерді бақылап отырдым. Мен бәрін білемін және көрдім. Керемет мереке өтті. Міне, жаңа күзгі ертегі де жазылды. Осы күннің естелігі ретінде сендерге осы керемет кітапты сыйға тартамын. Қараңдаршы: міне Қоян, міне Аю, міне Жауын шашын апай, Кірпі де бар.
Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
Жарайды, балалар, менің орманға кететін кезім де келіп жетті. Маған қонаққа келіп тұрыңдар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар, осымен "Күз тамшылары " атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көктемнің шуақты күндері жақсылыққа толы болсын! Назарларыңызға рахмет!

Бекасыл:-Балалар қазір қай мезгіл?