Тәуелсіз елдің ұланымыз » Алғазы орта мектебі
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Алғазы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіз елдің ұланымыз
14
декабрь
2022

Тәуелсіз елдің ұланымыз

Көрнекілігі: Суреттер, шарлар, мақал-мәтелдер
Кіріспе бөлімі: «Көк тудың желбірегені» әнімен балалар кіреді. Ал балалар, қонақтармен амандасып алайық.
Армысың аспан ата,
Армысың жер ана.
Армысың достарым,
Армысыз қонақтар!Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Бүгінгі мектепалды даярлық сынып оқушыларының «Тәуелсіз елдің ұланымыз»  атты ертеңгілікке қош келдіңіздер! Отан деген сөзді күн сайын естіп жүрміз. Отан дегеніміз адамның туып өскен жері, ата мекені. Отанымыздың гүлденуін, өркендеуін   жеткізетін  мына  сендермен, біздерміз. Сондықтан адал достықты, терең  білімді  ұрпақ болуымыз керек. Олай  болса балалар ертеңгілігімізді бастайық. 
Жарас :   Отан деген атамекен,
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан  өлкен
Қазақстан туған ел.
Айша :           Қазақ енді, көкке жетті, көк туың
Сен деп атар таңда, батар күн.
Жасар:          Енді міне тәуелсіз біз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық.
Илияс :             Отан   менің  туған  жерім,
Отан менің өскен елім
Отан менің  ата анам,
Отан менің  Астанам.
Айару:         Неткен   сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем
Мансұр:          Отаным жерім, ауылым
Әкешім, ана, бауырым.
Жарас:           Қазақстан тәуелсіз елім  менің
Ұлан  ғайыр   жерім менің.
Айша               Желбіресе  көк туым
Көтерілер шоқтығым.
                        Қазақты әлем таныды
Егеменді ел бүгін.
Мансұр              Отанымның төрінде,
Сарыарқаның  өрінде.
Тәрбиеші         Балалар бізге қонаққа  Білгішбек келді,
Білгішбек: Сәлеметсіздерме балалар. Мен білім әлемінен келдім. Сендерге сұрақ қойып білімдеріңді тексерейін. Мұқият жауап беріңдер.
1.Тәуелсіздік алдық деген сөзді қалай түсінесіңдер?
2. Туымыздың түсі қандай?
3. Отанымыздың астанасы қай қала?
3. Ал кім маған Қазақстанның ірі қалаларын атап береді?
Тәрбиеші: Ал Білгішбек балалардың білімі қандай екен?
Білгішбек: Тамаша, өте жақсы.
Тәрбиеші: Ендеше бізбен бірге отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Үкілі әуен ән 
Рәміздерби 
Тәрбиеші:  Тәуелсіздік 11 әріп құралған, 
Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман
Талай дара, даналардың көз жасы.
Қанаменен атты таң боп бізге алдан
Он бір әріп не мағына береді
Ал талдайын, жеткенше  қызыл тілОртаға ақ қағазға әріптер жазылған 11 бала шығады
Т - білдіреді теңдікті
Ә - әдептілі елдікті
У - уайымсыз уақытты
Е - егемен елдікті
Л - дейді лаулап
С - сенімділік секілді ең
І - ілтипат пен ідет қой
З - зиялылық тілек қой
Д - шақырады достыққа
І - ілкімді боп сақтыққа
К - күн боп көктегі, көз алартпа көршілерге, қол сұқпа.Құттықтау сөз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбековаға беріледі.
Қорытынды: Отанымыз жайнай берсін! Гүлдене берсін! - деген ниетпен ашық тәрбие сабағымызды аяқтаймыз келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив