Бақытты отбасы. Сынып сағаты. Сынып жетекші: Оспанбекова Гульнур » Алғазы орта мектебі
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Алғазы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бақытты отбасы. Сынып сағаты. Сынып жетекші: Оспанбекова Гульнур
24
апрель
2023

Бақытты отбасы. Сынып сағаты. Сынып жетекші: Оспанбекова Гульнур

Сынып жетекшінің аты-жөні

Оспанбекова Гульнур

Күні:

24.04.2023

Сынып

Қатысушылар саны:6

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының     тақырыбы

Бақытты отбасы

Тәрбие жұмысының бағыты

Отбасы 

Мақсаты

1.Оқушылардың отбасыжанұя туралы білімдерін шыңдай түсеотбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.        2.Оқушылардың естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.                                 

  3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.






Сынып  сағатының барысы

Барысы

Сынып сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар



Кіріспе

10  мин























Негізгі бөлім

25 мин


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғыз.

Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ үлкен шеңберге,

Алақанға ұрайық.

Психологиялық сәт.

«Еркелету» жылулық шеңбері.

(Ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту.)

ІІ. Негізгі бөлім.

Жұмбақ жасыру.

Маған да, саған да,

Жақын, туыс адамдар.

Бәрі де өз жұртың,

Айтыңдар, олар, кім ? (Отбасы)

- Ия балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен. - Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы. Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?

- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.

Отбасы туралы әңгімелеу.

 -Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?

 -Отбасы деген не?

 -Отбасы құрамы деген кімдер? 

-Отбасының адам өміріндегі маңызы қандай?

Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады.

Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы шағының үш тағаны іспеттес.

Ендеше 2 топқа бөлінейік.

«Ана» тобы.

Ана туралы жыр.

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған Даланың әр гүлін жинадың сен маған 

Сен бердің құстардың қанатын самғаған Балалық қоштарың өзіңе арнаған 

Қайырмасы: Әлдилеп, аялап өсірген жемісің Самал жел саябақ құшағың мен үшін 

Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін

 Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.

«Бала» тобы.

Бесік жыры.

Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да.

Қуанышың арай жүз,

Сөйлесерміз талай біз.

Бар ағайын жиналып

Біз боп саған қараймыз

Сендей бала ешкімде

Болмаған деп санаймыз.

Топтық жұмыс ережелерін есте сақтау.

1.Тыңдай білу.

2.Өзара сыйластық.

3. Белсенділік.

4. Қол көтеріп сөйлеу.

5.Уақыт үнемдеу.

Бейнеролик көрсету.

«Бақытты отбасы үлгісі»

Бейнеролик бойынша сұрақтар қойылады.

Балалар біз өзіміздің «Бақытты отбасымыздың» үлгісін құрастырайық.

Ол үшін бақытты отбасының құрамын анықтап алайық


Слайд №1


Гүлдер, шарлар
















Слайд №2 

Отбасы мүшелерінің суреті



















Слайд№3

Отбасы туралы сөздер

Суреттер

















Слайд №4

Ана туралы тірек сызба







Слайд №5

Бала туралы тірек сызба















Бейнеролик көрсету.

«Бақытты отбасы үлгісі»

Бейнеролик бойынша сұрақтар қойылады.

Балалар біз өзіміздің «Бақытты отбасымыздың» үлгісін құрастырайық.


Қоры

тынды

10 мин


Рефлексия «Аялы алақан»

Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің отбасымыз берік, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын

Рефлексия «Аялы алақан»

Алақандарға бүгінгі сынып сағатында құнды ақпараттарды жазады.











Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив