”Сенім арту- жетістік кепілі" Қиын жағдайда баланы қалай қолдаймыз? 6-сабақ Кыдырманова Г » Алғазы орта мектебі
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Алғазы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » ”Сенім арту- жетістік кепілі" Қиын жағдайда баланы қалай қолдаймыз? 6-сабақ Кыдырманова Г
16
февраль
2024

”Сенім арту- жетістік кепілі" Қиын жағдайда баланы қалай қолдаймыз? 6-сабақ Кыдырманова Г

“БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫН” ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША  АТА-АНАЛАРҒА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
🔰Жетісу облысы Қаратал ауданы "Алғазы орта мектебі"КММ де 1-4 сынып оқушыларының ата-аналары үшін “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының” жұмыс жоспарымен таныстырып, кезектегі алтыншы тренинг сабақ өткізілді. 
🔰”Сенім арту- жетістік кепілі" Қиын жағдайда баланы қалай қолдаймыз?тақырыбында алтыншы сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
🔰Сабақтың мақсаты: ата - аналардың әртүрлі жағдайларда балаға тиімді көмек көрсетуге дайындығын қалыптастыру.
🔰Тренинг сабақты жүргізген спикер:
Сынып жетекші Г.Кыдырманова 
                       Қаратал  ауданы                                                                                                                                                                                                      Қарақұм ауылы
 1–4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН
6 САБАҚ    Сенім арту – жетістік кепілі
Қиын жағдайда баланы қалай қолдаймыз?                                                                                                                                   Бастауыш  сынып   мұғалімі:Кыдырманова Г.САлғазы орта мектебі1–4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН
6 САБАҚ
Сенім арту – жетістік кепілі
Қиын жағдайда баланы қалай қолдаймыз?
Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың әртүрлі жағдайларда балаға тиімді көмек көрсетуге дайындығын қалыптастыру. 
Міндеттері: 
ата-аналардың баласына қандай да бір қиын жағдайда дұрыс және жедел көмек көрсетуге деген ұмтылысын ынталандыру;
ата-аналардың қиын жағдайлардың түрлері және оларға тап болған балаларды қолдаудың тиімді тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту;
қиын жағдайларды шешу кезінде ата-аналардың баланың күшті тұстарына сүйену дағдыларын дамыту.
Жоспар
I. Ұйымдастыру бөлігі
  • Сәлемдесу
  • Мақсаты мен міндеттері
  • Күтілетін нәтижелер 
II. Негізгі бөлігі
1. «Социометрия» ширату жаттығуы.
2. Қиын жағдайлары бар кейстер.
3. Мәселе туындаса не істеу керек? Родителям арналған кеңестер.
4. «Чемпион картасы» чек-парағы.
5. «Жақсылықты бірге жасайық» жаңа қысқаметражды фильм.
6. «Мен не сезінемін?» жаттығуы. Талқылау.
7. «Бас қатырғыш» эмоциялар туралы фильмді көруге арналған ұсыныстар
IIIҚорытынды бөлігі
  • Рефлексия 
  • Қорытынды сөз
Күтілетін нәтижелер.
Сабақтың соңында ата-аналар:
  • қиын жағдайларда баланың жағдайын айырып танитын және ден қоюдың оңтайлы тәсілдерін таңдай алатын болады;
  • баласының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жедел және психологиялық негізделген қолдау көрсету әдістерін меңгереді;
  • қиын жағдайларды шешу үдерісінде балаға сергек қарауды және оның күшті тұстарына сүйенуді үйренеді.
Қажетті ресурстар: презентация, бейнероликтер, бағандар, маркерлер, А3 және А4 парақтары, қаламдар.
Жұмыс форматы: тренинг элементтері бар сабақ.
Әдістері: пікірталас, миға шабуыл.
Сабақтың ұзақтығы – 60 минут.
УақытыМазмұныРесурстар
5 минутСәлемдесу 
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер! 
«Социометрия» – ширату ойыны.
Мақсаты: танысу және сенімді атмосфераны құру.
Жүргізуші сұрақтар қояды және қатысушылар оның нұсқауына сәйкес ауысып отырады. 
Мысалы:
1. Оң бағытқа баласының мектепте қиындықтары жоқ деп санайтындар өтеді. Керісінше, сол бағытқа жауап беруге қиналатындар өтеді.
2. Залдың оң жағына баласы сабақты жақсы оқиды деп сенетіндер өтеді. Керісінше сол бағытқа – баласына сабақ оқу қиынға түседі дейтіндер өтеді. 
3. Жүргізушінің оң жағына – балалары мектепке барғанды ұнататындар, ал сол жағына – балалары мектепке баруға зауқы соқпайтындар өтеді. 
4. Оң жаққа – балалары сыныпта дос тапқандар, сол жаққа – балалары әлі дос таппай жүргендер өтеді.
5. Оң жаққа – баласының мектептегі мінез-құлқына риза адамдар, сол жаққа – көңілі толмайтын адамдар өтеді.
6. Залдың оң жағына – балалары мектепке барғаннан бері жиі ауыра бастаған ата-аналар, ал сол жақ бетке – баласынан ондайды байқамаған ата-аналар өтеді.
Босаңсыта-тын музыка
3 минутИнформациятық топтама
Бүгінгі біздің мақсатымыз – балаңыздың психологиялық жағдайын, оның ішінде қиын жағдайға тап болған кездегі жағдайын көруді үйрену. Сондай-ақ, оның күшті тұстарына сүйене отырып, қиындықтарды жеңуді үйренуге көмектесу.
Балалар – адамның ең қорғалмаған, әлжуаз келетін санаты. 
Бастауыш мектеп жасындағы жүрегі жараланған балалардың жеке мазасыздығы жоғары. Осы кезеңде баланың өмірлік қиын жағдайды бастан кешіруге көмектесетін тұрақты қорғаныс механизмдері әлі қалыптаспаған, сондықтан ол олқылық жасауға шақ тұруы мүмкін, белгісіздіктен дүрбелең қорқынышын сезінуі, шындықпен байланысын жоғалтуы және психопатиялық реакцияларды өткір сезінуі мүмкін. Мұның бәрі ересектерді таң қалдыратын және састыратын балаға тән емес девиантты және типтік емес мінез-құлыққа итермелейді.     
Бастауыш сыныптардағы мектепке бейімделу үдерісі бала үшін көптеген қиын жағдайлардың негізі болып табылады. Бұл баланың мектептегі әлеуметтік жағдайды, өзінің жаңа мәртебесін (мектеп оқушысы) және өзара әрекеттесудің жаңа жүйелерін («бала – мұғалім», «бала – құрдасы») қабылдау және игеру үдерісі.

20 минутНегізгі бөлігі
1.Біз сіздерге «Бала мектепке пышақ әкелді» кейсін қарастыруды ұсынамыз: 4 сынып оқушысы мектепке пышақ әкелді. Балалар мұғалім мен ата-аналарға айтты. Администрация баланың ата-анасын мектепке шақырды. Және педагогикалық кеңестің қарауына шығарды. Баланы мектептен шығару қаупі төнді. Бала бұл енді қайталанбайды деп уәде берді. Бір аптадан кейін бала жоғары сынып оқушыларымен төбелесті. (Шын мәнінде, бала бизнеспен айналысқан, сыныптастарына тәттілер сатқан және өзінен жоғарғы сынып оқушылары тапқан табысымен бөліскенін қалаған. Бала өз мүддесін қорғау үшін, мектепке пышақ әкелген).
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Сыныптастарының ата-аналары ретінде өзіңізді қалай ұстар едіңіз?
2.Мектеп әкімшілігінің әрекеттерін қалай бағалайсыз?
3.Баланың ата-анасының орнында не істер едіңіз?
4. Баланың орнында не істер едіңіз?
Кейс бойынша тұжырымдау:
1.Баланың агрессивті мінез-құлқының себептері анықталған жоқ.
2.Қабылданған шаралар мәселені шешуді қамтамасыз етпеген, сондықтан бұл жаңа оқиғаға әкеліп соқты. 
3.«Күрделі жағдайларға әртүрлі көзқарас» кестесінің мазмұнын қарастырайық. Қиын жағдайлардың қандай түрлері бар? Олар қалай көрінеді? (презентациядағы кестені талқылау).
– Жеке тәжірибелеріңізбен бөлісуді сұраймын: балаларыңыз қандай қиындықтар мен күрделі  жағдайларға тап болды?
3. «Егер мәселе ... – да болса, не істеу керек» кестесі.
Әрбір ата-ана баласының қиын жағдайының ерекшеліктерін табады және кішкентай көмек қадамдарын ұсынады.
4. Күрделі жағдайларды шешу бір күндік мәселе емес. Бұл жоспарлауды қажет ететін ұзақ мерзімді үдеріс. Сол үшін сіздерге «Чемпион картасы» көмектеседі.
5. Қиын жағдайды шешудің тиімді тәсілдерінің бірі – балаға үлгі болу үшін өзіңізден бастаңыз – жақсылықты балаңызбен бірге жасаңыз. 
«Қайырымдылық» қысқа метражды фильмі
Кейс «Бала мектепке пышақ әкелді»
«Қиын жағдайларға әртүрлі көзқарас» кестесі
«Чемпион картасы» слайдтар

(Танысу үшін ақпарат) Күрделі жағдай баланың жағымсыз эмоциялар түріндегі реакциясын тудырады. Ол агрессия, өтірік айту, ашуланшақтық немесе наразылық болуы мүмкін.
Біздің пікірімізше баланы «қиын» қылдыратын мінез-құлық бұзушылықтарының мысалдары мыналар.
Назар аударту үшін күрес
Тіл алмау (бағынбау) бұл да өзіне назар аударту мүмкіндігі, өзін ұмытып жатса, осылайша өзін көрсету. Көңіл бөлу кез келген адамға эмоционалдық саулық үшін қажет болса, балаға тіпті керек. 
Өзін-өзі таныту үшін күрес
Бала ересектердің шексіз нұсқауларына, ескертулеріне және алаңдаушылықтарына соғыс жариялайды. Ол өзіне деген сенімділікті күтеді. Өз пікірінің болуы, өзі шешім қабылдай алу мүмкіндігі – ол қате болса да өз тәжірибесін алу мүмкіндігі болып табылады. 
Кек алғысы келу
Бала мыналар үшін кек алуы мүмкін: 
– басқалар оның қабілетіне сенбесе;
– оны өзінен үлкен немесе кіші інілерімен немесе қарындастарымен, соларды жақтап салыстырса;
– өзін қорлағаны үшін;
– ажырасу және үйде жаңа отбасы мүшесінің пайда болуы;
– ажырасу нәтижесінде ата-анасының біреуінің кетуі;
– әділетсіздік және орындалмаған уәделер;
– ересектердің бір-біріне деген сүйіспеншілігінің шамадан тыс көрінісі;
– ата-ананың өтірігі мен тұрақсыздығы.
Өзінің табысқа жететініне сенбеу
Бұл оқу барысындағы сәтсіздіктермен, сыныптағы және мұғаліммен қарым-қатынасына, өзін-өзі бағалаудың төмендігімен, оны ашық оқшаулаумен, қорлаумен байланысты болуы мүмкін.
– Осындай мәселелерге тап болған ата-аналар болса, қолдарыңызды көтеріңіздер.
Неліктен кейбіреулер қолайсыз жағдайларға төтеп бере алады, ал кейбіреулері шыдамай, қиын жағдайды көтере алмай қалады?
Қиын жағдайға тап болған кезде балаға көмек қолын созу және қолдау, оны толыққанды қабылдау – баланың жақсы дамуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте қатты, бірақ өте жиі болмайтын түбегейлі өзгерістер мен қиындықтар баланың сағын сындырмайды, себебі оның ішкі беріктік қоры үлкен. Балаға ұрыс-керіс, үйдегі үлкендердің тұрақты ұзақ күйзелістері, депрессиялары, агрессиясы немесе мазасыз эмоционалдық фон әсер етеді. 

7 минут Баланы түсіну үшін алдымен өз реакцияларыңыз бен эмоцияларыңызды бақылауды үйрену керек, содан кейін баланың сезімдерін айырып тануды үйрену керек.
«Мен не сезінемін?» жаттығуы
Мақсаты: топ мүшелеріне өз сезімдерін санадан өткізуге, эмоцияларын көрсетуге және әңгімелесушінің эмоцияларын айырып тануды үйренуге көмектесу.
1.Барлық қатысушыларды екі командаға бөлеміз. 
2. Команданың барлық мүшелері картадағы тапсырмаға сәйкес кезек-кезек эмоцияларын  көрсетеді.
3 Егер қарама-қарсы команда эмоцияны дұрыс тапса, ойыншыны өз команадасына қосып алады. Ал егер таппаса, өз ойыншысын береді.
Талқылауға арналған сұрақтар
– Жаттығуды орындау кезінде өзіңізді қалай сезіндіңіз?
– Қандай эмоцияларды көрсету оңай?
– Қандай эмоцияларды тану оңай?
– Сіз бұрын балаңыздын қандай 
эмоцияларын байқамадыңыз?
– Эмоцияны қалай тануға болатынын білу қалай пайдалы болуы мүмкін? 
– Егер сіз балаңыздың эмоциясын дәл тануды үйренсеңіз не болады?
– Баладан қазір қандай эмоцияны сезінетінін сұрай аласыз ба? (Сіз қазір не сезінесіз?)
– Қиын жағдайда балаңызға қалай эмоционалдық қолдау көрсете аласыз?
– Эмоцияларды санадан өткізу қиын жағдайда қалай көмектеседі?
Эмоция атаулары бар карталар.

Pixar студиясының 2015 жылғы «Бас қатырғыш» мультфильмін отбасымен бірге көруді ұсынамыз. 
https://www.youtube.com/watch?v=XaGjd5paQ4M
Әр балада жағымды және жағымсыз эмоциялар қатар өмір сүреді және олардың әрқайсысының өз рөлі бар, әр эмоцияны дұрыс білдірген кезде ғана ол пайда әкеледі.
«Бас қатырғыш» мультфильмі
5 минутСабақ бойынша қорытындылар:
Жағымсыз эмоциялар басым болса не істеу керек?
Баланың эмоциясын айқындауды үйрену жеткіліксіз, баланы қиын сәтте қолдай білу және оны еңсеруге көмектесу маңызды.
Баламен қарым-қатынас жасаудың бірнеше ережелерін бірге пысықтайық:
1. Біз балаға ұрыспаймыз – тек әрекетті және оның салдарын талқылаймыз, оның себебін анықтаймыз.
2. Кез-келген тыйым салу кезінде – оның себебін және ықтимал салдарын түсіндіреміз.  
3. Біз қалаусыз әрекеттерді қолайлы әрекеттермен ауыстырамыз, балама нұсқаларды ұсынамыз.
4. Біз балаға белсенді әрекет етуге, әлемді білуге және өз тәжірибесін жинау үшін қателіктер жіберуге мүмкіндік береміз.
6. Балаға деген немқұрайлылық, дөрекілік, құрметтемеушілік оның айқын немесе жасырын наразылығын тудыратынын түсінеміз.
7. Өз балаңыздың даралығын қабылдаңыз.
8. Біз оны белсенді тыңдаймыз, жанашырлық танытамыз, уайымына ортақ боламыз.
9. Біз оның қасында мүмкіндігінше жиі боламыз, бірге сабақ оқимыз, кітап оқимыз, ойнаймыз, бір-бірімізге хаттар мен жазбалар жазамыз.
10. Көмек сұраған кезде көмектесеміз.
11. Біз жетістіктерін қолдаймыз және атап өтеміз.
12.Біз баламен байланыста боламыз және баланың өз мәселелері туралы ашық айтуы, сезімдерімен бөлісуі үшін сенімді қарым-қатынас жасаймыз.
Родителям арналған жаднама
5 минутҚорытынды сөз
Ата-ананың қолдауы баланың бақытты, сенімді және табысты болып өсуі үшін берік негіз болады. Ол баланың ішкі тірегін қалыптастырады. Осының арқасында қиын жағдайларда адам өзін-өзі қолдай алады, таңдау жасай алады, шешім таба алады. Бала қателесуге құқығы бар екенін түсінеді және қандай жағдай болмасын, жақындары оны қолдайтынын біледі. Өзі де алдағы уақытта қолдаушы ата-ана болады, өйткені ол оны көріп өседі және қалай жасау керектігін біледі. 
Балаларыңыздың тірегі болыңыздар!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив