18
январь
2024
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒЫТЫ НЕГІЗІНДЕ АТА-АНАЛАРҒА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ. ”Құмарлыққа бой алдыру - тәуелділік құрдымы"
Жетісу облысы Қаратал ауданы "Алғазы орта мектебі"КММ де 10 - 11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының” жұмыс жоспарымен таныстырып, кезектегі төртінші тренинг сабақ өткізілді.
”Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығының ашылу мақсаты және міндеттерімен, жұмыс барысымен педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастырушысы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Алиманова таныстырды.
”Құмарлыққа бой алдыру - тәуелділік құрдымы" Жоғары сынып оқушыларының дамуындағы тәуекел аймақтары тақырыбында төртінші сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты: ата- аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуелділік мінез - құлық қаупінің алдын алу жоспарын дамыту.
Тренинг сабақты жүргізген спикер: А.Спанбетова