Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту заман талабы. Оспанбекова Гульнур .Аудандық тамыз кеңесі.
Жауапты | Алғазы орта мектебі .Оспанбекова Гульнур Рамазановна | ||||||||||
Коучинг тақырыбы | Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту заман талабы | ||||||||||
Коучинг мақсаты | Математикалық сауаттылық тапсырмаларының ерекшеліктері мен бағалау моделдерін зерделей отырып, оқушыларды ойлау қабілеттерін дамыта отырып логикалық есептер шығара білуге дағдыландыру. | ||||||||||
Уақыт | 40 минут | ||||||||||
Коучинг барысы | |||||||||||
Кіріспе бөлімі | |||||||||||
2 минут | Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер. « Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту заман талабы» атты коучингке қош келдіңіздер. Топқа бөліну. «Балмұздақ» әдісі Балмұздақ таяқшасын таңдап алады, геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді. Қызыл түс- Көкірегі ашық, жүрегін қуаныш кернеп отырған белсенділердің түсі Көк түс- көк түс - аспанның, мәңгіліктің түсі. шыншыл, сенімділігі мол, байсалдылардың түсі Сары түс- алтын күннің, зиялы қауымның түсі. белсенділігі зор, қасындағыларға шуағын себетін, үміт беретін, ашық мінезділердің түсі Жасыл түс- жасыл өркен, өсімдіктер, жапырақтың түсі. сенімділігі зор, қасындағыларға сенімді дос әрі қорғаушы болып үміт беретін, салмақтылардың түсі Балмұздақ таяқшаларына сын есім қосып есімдерін жазады. Топ мүшесі топтағы әріптестерін таныстырады. Қызықты шаршы. 15 санына тең болатын шаршыны құрастыру.123456789 қызықты шаршы (15)
5 15 болу 8+2 ; 6+4: 2+4-15 * 9 ; 6+8-15 *1;6+-15 7; Америкалық педагог-математик Джордж Пойа былай деген: «Математиканы білу деген не? Бұл есептерді шығара білу, онда стандарттық есептерді ғана емес, ойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, өзіндік болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару». | ||||||||||
Негізгі бөлім | |||||||||||
10 минут 5 минут 10 минут 5 минут 5 минут 3 минут | Бүгінгі күні ұстаз алдындағы басты міндет – бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын, өзін- өзі дамыту тетіктерін ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыру. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Оқушы алған білімін өмірде өз қажеттілігіне пайдалана алмаса, онда оның бойындағы бар білімі керексіз жүк болып қалады. Осындай мәселерді шешу үшін оқушының оқу сауаттылығын, ғылыми жаратылыстану және математикалық сауаттылығын дамытуға және қалыптастыруға бағытталған. Білім беру жүйесі жыл сайын әр түрлі өзгерістерге ұшырап отыр. Бұл өзгерістердің басты мақсаты - өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты дамыған, құзыретті азаматтар етіп тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге математикалық сауаттылық көмектеседі. Ой бөлісу алаңы 1–топқа тапсырма:Математикалық сауаттылық дегеніміз не? 2–топқа тапсырма: Математика сабағындағы негізгі сауаттылыққа нелер жатады?3–топқа тапсырма:Сіздер оқушының математикалық сауаттылығын дамыту үшін пән мұғалімі ретінде қандай жұмыс түрлерін жүргізесіздер?4–топқа тапсырма: Математикалық сауаттылықты меңгерген оқушылар бойында қандай қабілеттер қалыптасады? «ПОПС» формуласы Бірінші сөйлем. «Менің ойымша ....................................» Екінші сөйлем. «Себебі мен оны былай түсіндіремін .........................» Үшінші сөйлем. « Мен оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ................................» Төртінші сөйлем. «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ..................» Кері байланыс екі жұлдыз бір тілек Математикалық сауаттылық - математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну; - әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру; - дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту; - есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру; -математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану Математика сабағындағы негізгі сауаттылыққа мыналар жатады Математикалық сауаттылықты меңгерген оқушылар мыналарды жүзеге асыруға қабілетті болады: қоршаған шынайы өмірде туындайтын проблемаларды анықтау және оларды математикалық тәсілдер арқылы шешу; бұл проблемаларды математика тілінде тұжырымдау; математикалық фактілер мен әдістерді қолдана отырып проблемаларды шешу; проблеманы шешуде қолданылған әдістерді талдау; қойылған проблеманы ескере отырып, алынған нәтижелерді түсіндіру; шешімнің нәтижелерін тұжырымдау және жазу Бастауыш сынып оқушысының математикалық сауаттылығын қалай қалыптастыруға және дамытуға болады? Математикалық сауаттылық бұл адамның қоршаған ортадағы матеамтиканың рөлін анықтауы. Және түсінуі. Дұрыс негізделген математикалық пайымдау жасай алуы. Күнделікті өмірде математикалық есептерді шешуде математиканы қолдана алуы. Математикалық сауаттылықтың негізгі екі компонентін бөліп көрсетуге болады. Олар іргелі математикалық идеялар және математикалық құзыреттілік. іргелі математикалық идеялар Өзгеріс және қатынас; Кеңістік және пішін; Белгісіздік ;Сан; салаларды қамтиды. Математика пәні оқу бағдарламасы іргелі математикалық идеяларды қалыптастыруға бағытталады. Оқу мақсаттарының мысалдары келтірілген. математикалық құзыреттілік дағдының үш деңгейі Білімді көрсету;Байланыс орнату; Пайымдауды қамтиды. Оқу бағдарламасының оқу мақсаттары ұсынылады. Математика сабағында математикалық құзіреттіліктің қалыптасуымен дамуына жағдай жасалады. Білімді көрсету;Байланыс орнату; Пайымдауды берілген тапсырма мысалдарын қарастырайық. 1есеп Есептің әр сұрағына сәйкес келетін сызбаны анықта. Бірінші бидонда х литр сүт бар, ал екіншісінде одан 4 литр артық. Есепке екі сұрақ және екі сызба ұсынылған. Оқушы екінші бидонда қанша литр сүт болған деген сұраққа екінші сызбаны, ал екі бидонда барлығы неше литр сүт бар дегенге бірінші сызбаның сәйкес келетінін анықтайды. Тапсырманы орындау оқушылардың сызбаларды оқи алатынын және есептің шешімінің оның сұрағына тәуелділігін түсіне алатынын көрсетеді. 2 есеп Берілген есепті шешуде оқушының логикалық ойлауы ғана емес ауызша есептеу дағдысы да пайдаға асады. Екіншісынып оқушысы 32 екіге бөлуді әзірге орындай алмайды. Сондықтан бұл есеп екі бірдей санды іріктеу ,таңдау әдісімен шығарылады. Оқушы 32 16 мен 16 қосындысы екенін анықтайды. Әрі қарай қызыл қораптың массасын есептейді34-16-18 шығады. Соңғы кезеңде екі қызыл қораптың массасын есептейді.18+18-36 кг. . Екі қызыл қораптың жалпы массасы 36 кг. 3 есеп Заңдылықтарды табу дағдысы 1 сыныптан бастап сандардың, фигураларды, зат топтарының тізбегін құруға бағытталған қарапайым тапсырмалар арқылы қалыптаса бастайды. Тапсырма мазмұны біртіндеп күрделен бастаған сайын дағдысы дами береді. Слайта 4 сынып тапсырмасының мысалы берілген. Мұнда оқушы бір сан тізбегінен екі заңдылықты табады. Қызыл түсті сандарды беске, жасыл түсті сандарды 3-ке арттыру керек. 4есеп шешімді талдап түсіндіруге және түрлі бөлімдерден алған білімдерін қолдануға берілген тапсырманың тағы бір мысалына назар аударыңыз. Есептің шешімі мен түсіндірмесі де ұсынылған. 5 есеп Келесі қызыл түспен боялған фигураның ауданын есептеу тапсырмасы есептің сызбасы және сандық деректері берілген. Есептің шешуінің жоспарын құру үшін оқушы боялған бөліктің ауданы осы үлкен және кіші үшбұрыштардың ауданының айырмасы екенін түсінуі керек. Себебі кіші үшбұрыш үлкенінің ішіне орналасады. Соңында оқушы есептің дұрыс жауабын табады. Математикада практикаға бағыттал,ан есептердің орны ерекше. Олар оқушының ақпаратты игеруіне ықпал етеді. Себебі оны орындау барысында нақты оқиға немесе іс әрекеттер мен ассосация туындайды. Тапсырманың ерекше тұжырымы өмірмен байланысы оқушының қызығушылығын білімге құмарлығымен шығармашылық белсенділігін арттырады. Практикаға бағытталған есептердің мәнмәтіндері Жеке,Кәсіби,Әлеуметтік,ғылыми болып бөлінеді. Матемтиканы тиімді ұсынуға 1)Оқушының есеп мәтініндегі барлық сөздің мағынасын түсінгеніне көз жеткізіңіз. 2)математикалық ережелердің меңгерілуіне ерекше көңіл бөліңіз. 3) Оқушыларды сұрақ қоюға және сұраққа жауап беруге үйретіңіз. 4) Оқушыларды ынтымақтаса жұмыс істеуге баулыңыз. 5) Шешілген және тексерілген есептерді қайта қарап шығуды оқушыларыңыз әдетке айналдырсын. 6) Үй тапсырмасын саралап беріңіз. 7) оқушының ерекше идеясын немесе қалыптан тыс шешімін мадақтаңыз. Математикалық сауаттылықтың негізгі екі компаненті Іргелі математикалық идеялар -Өзгеріс және қатынас -Кеңістік және пішін -Белгісіздік - Сан Математикалық құзіреттілік -Білімін көрсету -Байланыс орнату -Пайымдау Жаңа технологияның тиімді әдіс- тәсілдерін ұрпақтың бойына сіңірте білу - ұстаздардың басты міндеті. Жаңа технологияның тиімділігі сол, Мұғалім: Свод талдау
Мен бүгін сіздермен жақынырақ танысқаныма, сіздердің алдарыңызда тұрғаным үшін де қуаныштымын. «Кері байланыс» парақшаларын толтырып берсеңіздер екен. Кез келген пікір мен үшін маңызды. Рефлексия ≪3-2-1≫ стратегиясы ☺ бүгінгі коучингтен алған 3 маңызды ақпарат; ☺ бүгінгі коучингте сізді ойландырған 2 ақпарат ☺ бүгінгі коучингте сіз қолданған 1 іс-әрекет. | ||||||||||

