
Жетісу облысы Қаратал ауданы "Алғазы орта мектебі"КММ де 10 - 11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының” жұмыс жоспарымен таныстырып, кезектегі төртінші тренинг сабақ өткізілді.

”Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығының ашылу мақсаты және міндеттерімен, жұмыс барысымен педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастырушысы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Алиманова таныстырды.

”Құмарлыққа бой алдыру - тәуелділік құрдымы" Жоғары сынып оқушыларының дамуындағы тәуекел аймақтары тақырыбында төртінші сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Сабақтың мақсаты: ата- аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуелділік мінез - құлық қаупінің алдын алу жоспарын дамыту.

Тренинг сабақты жүргізген спикер: А.Спанбетова