23
апрель
2024
“23 сәуір- Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау”күні.
Жетісу облысы Қаратал ауданы "Алғазы орта мектебі" КММ сі кітапханасында 23.04.2024 жыл “23 сәуір- Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау” күні барлық сынып оқушыларымен атап өтілді. МАҚСАТЫ: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттырумен қатар кітапқа деген құрметті дәріптеу болып табылады. Кітап – білім бұлағы. Бұл сөзбен келіспейтін адам кемде-кем шығар. Бірақ, қазіргі күні баладан бастап ересектерге дейін кітаптан көрі гаджеттерге жақын, тіпті тәуелді екенімізді мойындау керек. Шығыс ойшылы Науаи: |
"Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына" десе, Абай атамыз "Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа", "Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге" деп насихаттайды.

