" Үнемі оқитын адам - табысты адам"
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында "Үнемі оқитын адам - табысты адам" тақырыбында оқырмандармен кездесу, оқыған кітаптары туралы талқылауды 7-8 сынып оқушыларымен сынып жетекші М.Жетписбаева мен кітапханашы А.Аскеева ұйымдастырды.Мақсаты: Оқушыларды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, дамыту. Кітап арқылы оқушылардың жан дүниесін кеңейту. Әрбір оқырманның өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, кітап оқуға және табысты болуға шақыру