Берекелі алтын күз » Алғазы орта мектебі
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Алғазы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Берекелі алтын күз
13
октябрь
2023

Берекелі алтын күз

Жүргізуші:
Қарсы алайық бәріміз,
Жасымызбен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр беріп.
         Армысыздар ,құрметті ата-аналар,ұстаздар және бүлдіршіндер. Бүгінгі күз мезгіліндегі «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілімізге қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған, сары алтындай сары күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады.
Күз туралы тақпақтарын бастайды-деп өлең шумақтарына кезек береміз.
Фатима:
Күздің қазан айында,
Алма,алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр,сыбдыр түседі.
Көзайым:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Таир:
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Аяла:
Көбейді құт береке,
Астық толды қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Айеркем:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Еркеназ:
Қуандырып бізді
Кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді,
Кемелденсін халқымыз.
Тәуекел:
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ұшты ұшты жапырақ,
Ұшты кенет жапырақ.
Би «Ұлдар»  
Ойын:Сан табуӘн:топпен біз бақытты баламыз
Би қыздар: Бақтағы гүлдерОйын: «жемістін дәмін табу» Жүргізуші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр,сендер бұл жұмбақтың шешуін тапсаңдарсендерге сыйлығымыз бар.
Жұмбақтар:
Көк майсалы көрікті,
Алқап тола көп егін.
Бұл күндері киіпті ,
Сары жібек көйлегін. (Күз)
Бір шұқырда көп шұқыр,
Іштен түртіп көп шұқыр (Бұлақ суы)
Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен. (Су)
Ұзын-ұзын ұз келеді,
Ұзын бойлы қыз келеді,
Қасы қалтырап,
Көзі жалтырап.(Су)
Өлшеусіз піштім,
Жіпсіз тіктім (жер)
Үлкен,үлкен тұйені
Тастапты атам шөгеріп.
Өркешті бұлтқа тиеді
Бауыры жатыр көгеріп (тау)
Құрметті ата-аналар, ұстаздар. Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйлаған сыйы, әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын еліміз аман, заманымыз тыныш болсын. Бүгінгі «Берекелі алтын күз» ертеңгілігімізді көңіл қойып тыңдағандарыңызға, алтын уақыттарыңызды бөліп келгенднріңізге көп-көп рахмет. Қош сау болыңыздар!

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив